Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті Парсы шығанағы елдерінің азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды айыптады

Қазақстан Президенті Парсы шығанағы елдерінің азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды айыптады

|

|

Астана. 2 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесу барысында Парсы шығанағы елдерінің азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды айыптап, қажет болған жағдайда қолдан келген көмекті көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас мемлекет ретінде қарастырады және қажет болған жағдайда қолдау көрсетуге дайын», – деді Қазақстан Президенті телефон арқылы әңгіме барысында.

«Мемлекет басшысы ОАЭ-нің азаматтық нысандарына, сондай-ақ Шығанақ өңірінің басқа елдеріне жасалған шабуылдар қатаң айыптауға лайық екенін атап өтті», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдірген Тоқаев ОАЭ Президентіне және оның тұлғасы арқылы осы елдің халқына шынайы құрмет, қолдау және ынтымақтастық білдіріп, әскери шабуыл салдарынан Әмірліктердің азаматтық инфрақұрылымының зардап шеккеніне өкініш білдірді.

Өз кезегінде шейх Әл Нахаян Қазақстанның қолдауын жоғары бағалап, қазіргі халықаралық дағдарысты еңсеру жолында республика тарапынан көрсетілетін ықтимал көмектің маңызын атап өтті.

  1. Әңгіме барысында тараптар қазақстандық-әмірліктік достық пен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады, сондай-ақ екі елдің бауырлас халықтарына қасиетті Рамазан айында бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль Қорғаныс күштері «Хезболла» қозғалысының барлау штабының басшысы жойылғанын хабарлады

«Хезболла» қозғалысының барлау штабының жетекшісі Хусейн Маклед Бейрутта жойылғанын Израиль Қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мәлімдеді.

QatarEnergy компаниясы Ras Laffan зауытында СТГ өндірісін әскери шабуылдарға байланысты тоқтатты

Қатардың мемлекеттік QatarEnergy компаниясы әскери шабуылдар салдарынан Ras Laffan зауытында сұйытылған табиғи газ (СТГ) және оған ілеспе өнімдер өндірісін уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.

Тоқаев Бахрейн королімен әңгімесінде Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын елдердің азаматтық инфрақұрылымына жасалған зымырандық шабуылдарға алаңдаушылық білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесу барысында осы күрделі кезеңде Бахрейн халқына қолдау білдіріп, ынтымақтастығын жеткізді

Тоқаев АДБ басшысымен Қазақстандағы жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің (АДБ) президенті Масато Канданы қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.