Астана. 8 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан мен Кувейттің сыртқы істер министрлері Ермек Көшербаев пен Джаррах Джабер әл-Ахмад ас-Сабах Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Ермек Көшербаев өңірдегі әскери шиеленістің күшеюіне алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді. Сонымен қатар ол қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес дипломатиялық жолмен реттеудің маңызын атап өтті.
Телефон арқылы өткен әңгіме қорытындысында Қазақстан мен Кувейттің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендерін растады.




