Астана. 17 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Таратылған хабарламада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азия өңіріндегі маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өткені, сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге айрықша мән берілетіні айтылған.
Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігер арқылы көпқырлы ынтымақтастықты сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін білдіріп, То Ламға жауапты қызметінде табыс, ал достас Вьетнам халқына амандық пен өркендеу тіледі.




