Астана. 31 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Сенбі күні жарияланған Қазақстанның Негізгі заңының жобасына сәйкес, Конституция республикалық референдумда қабылданған күн мемлекеттік мереке – Конституция күні болып жарияланады.
«Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы референдум нәтижелері ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және сонымен бір мезгілде бұрын қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының қолданылуы тоқтатылады», – делінген Конституция жобасының 94-бабында.
Осы бапта республикалық референдумда Конституция қабылданған күн Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Конституция күні болып белгіленетіні көрсетілген.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Конституция күні 30 тамызда атап өтіледі. Бұл күні 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қолданыстағы Конституция қабылданған болатын.




