Астана. 13 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес ведомствоның ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өкілеттіктері кеңейтілді.
Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру қызметіне арналған арнайы техникалық құралдар салаларында берілген рұқсаттарға мемлекеттік бақылау жүргізу құзыретіне ие болды. Бұл бақылау берілген рұқсаттарға қойылатын біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру, сондай-ақ республиканың Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар комитетке ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты информатизация саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталған жағдайда міндетті орындауға жататын нұсқамалар беру құқығы берілді.




