*** Мьянмаға елші тағайындалды
Астана. 13 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Асет Исенали тағайындалды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды
Мемлекет басшысының тағы бір жарлығымен 2023 жылдан бері Оңтүстік Кореядағы дипломатиялық миссияны басқарған Нұрғали Арыстанов қызметінен босатылды.
Асет Исенали бұған дейін Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісінің орынбасары қызметін атқарған.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Мьянмаға елші тағайындады. Бұл қызметті қоса атқару негізінде Қазақстанның Таиландтағы елшісі әрі БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан атқаратын болды.




