Евразия24Жаңалықтар«Росатом» Түркиядағы «Аккую» АЭС-ін 2026 жылы іске қосуды жоспарлап отыр

«Росатом» Түркиядағы «Аккую» АЭС-ін 2026 жылы іске қосуды жоспарлап отыр

|

|

 

Нижний Новгород. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Түркиядағы «Аккую» атом электр станциясын келесі жылы пайдалануға беруді көздеп отыр. Бұл туралы компания басшысы Алексей Лихачев журналистерге мәлімдеді.

«Біз жоспарлы мерзімнен 3-4 айға кешігіп отырмыз. Дегенмен, станцияны алдағы жылы өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру жоспар бойынша іске асады», – деді ол.

«Аккую» – Түркия аумағында салынып жатқан алғашқы атом электр станциясы. Нысан Мерсин провинциясында орналасқан, жобада қуаты 1200 МВт болатын төрт энергоблок қарастырылған. Бұған дейін Түркия билігі Синоп және Фракия провинцияларында тағы екі АЭС салу мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған.

2024 жылғы қазанда Ресей вице-премьері Александр Новак Siemens компаниясының жабдықты жеткізбей қойғанына байланысты туындаған қиындықтар жобаның жалпы кестесіне ықпал етуі мүмкін екенін айтқан болатын.

«Келісімшартқа қарамастан, Батыс елдерінің бірі – Германиядағы Siemens компаниясы жабдықтың бірқатар түрін жеткізу жөніндегі міндеттемесін орындаған жоқ. Бұл мәселе туындағаннан кейін «Росатом» түрік серіктестерімен бірлесіп шұғыл шара қабылдап, шешім тапты: қажетті жабдық достас мемлекеттерден сатып алынды», – деп түсіндірді ол.

Ал 2025 жылдың басында Алексей Лихачев «Росатомның» Siemens-ке қатысты «Аккую» АЭС-іне жеткізілмеген жабдық үшін сот талап-арызын әзірлеп жатқанын мәлімдеген еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

«Росатом»: «Пакш-2» АЭС құрылысының алғашқы кезеңі қараша айында басталады

Нижний Новгород. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – «Росатом» мемлекеттік корпорациясының...

Қазақстандық әскери оркестр «Спасская башня» фестивалінде өнер көрсетеді

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Қарулы күштерінің шығармашылық тобы Мәскеуде өтетін «Спасская башня» халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысады. Шара аясында Беларусь, Буркина-Фасо, Италия, Моңғолия, БАӘ, Сербия, Эфиопия және басқа елдердің оркестрлері де өнер көрсетеді. Қазақстандық делегация құрамына Орталық әскери оркестр, Құрмет қарауылы ротасы, би ұжымы мен Орталық ансамбльдің фольклорлық-этнографиялық оркестрі енген. Әскери оркестрдің орындауында қазақстандық композиторлардың туындылары шырқалмақ.

Қазақстандықтар ең төменгі жалақыны көтеруді талап етті

«Бүгінде еліміздегі ең төменгі жалақы көлемі бар-жоғы 85 мың теңгені құрайды, бұл шамамен 160 АҚШ долларына тең. Бұл көрсеткіш тек өңір бойынша ғана емес, әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда да ең төмен деңгейлердің бірі саналады. Мәселен, Түрікменстанда ең төменгі жалақы 200 мың теңгеге (шамамен 400 АҚШ доллары) жетсе, Балтық елдерінде (Эстония, Латвия, Литва) бұл көрсеткіш 500 мыңнан 600 мың теңгеге дейін (яғни 1000–1200 АҚШ доллары) жетіп отыр. Эквадорда ең төменгі жалақы — 470 АҚШ доллары (шамамен 270 мың теңге).

Алматыға кіру ақылы бола ма? Жаңа экожоба қоғамда сұрақ тудырды

Zakon.kz хабарлайды: «Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, қалаға кейбір көлік иелерінің кіруі ақылы болуы мүмкін. Жоба шеңберінде төмен эмиссиялы аймақтар (Low Emission Zones, LEZ) құру қарастырылған. Бұл аймақтарда экологиялық класы төмен автокөліктерді пайдалану шектеліп, ақылы негіздежүзеге асырылады. Сонымен қатар, коммуналдық және жекеменшік автопарктерге, сондай-ақ стационарлық шығарындыға қойылатын талаптар күшейтілмек.