Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: өңір әкімдері республикалық бюджеттен берілетін дотацияларға ғана иек артпауы тиіс

Тоқаев: өңір әкімдері республикалық бюджеттен берілетін дотацияларға ғана иек артпауы тиіс

|

|

Астана. 12 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын күшейтіп, тәуелділікке негізделген көзқарастан толықтай арылу қажет деп санайды. Оның айтуынша, әкімдер республикалық бюджеттен бөлінетін дотацияларға ғана үміт артып отырмауы тиіс.

«Әкімдіктер жанындағы бюджеттік комиссиялардың құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын енгізу қажет. Бұл жұмыстың сапасын арттырып, қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді. Қомақты қаржыны бейберекет жұмсап, пайдасыз бастамаларға бағыттауды тоқтату керек. Әкімдер республикалық бюджеттен берілетін дотацияларға иек артпауы тиіс. Тәуелділікке негізделген көзқарастан біржола арылу қажет», – деді Тоқаев бейсенбі күні Астанада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумында сөйлеген сөзінде.

Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы билік өкілдері өңірлердің кірісін арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізуі тиіс.

«Бюджетке қатысты шешімдер мынадай негізгі сұрақтарға жауап беруі керек: қанша жаңа жұмыс орны ашылады, қанша көлемде жеке инвестиция тартылады, бизнесті дамыту үшін қандай жағдай жасалады, қанша салық түседі? Маңыздысы мен маңызсызын ажырата білу қажет. Бұл әкімдер мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары бір команда ретінде ең алдымен мемлекет мүддесіне қызмет етуі тиіс дегенді білдіреді. Барлық өңірдегі мәслихаттар мен әкімдіктер бюджеттегі әрбір теңгенің ел игілігіне бағытталуын бірлесіп қамтамасыз етуі қажет», – деді ол.

Сонымен қатар президент өңірлерде бюджетті жоспарлау және оны орындау сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, жергілікті бюджет бекітілген кезде депутаттарға тиісті түсіндірмесіз тек жалпы мәліметтер ғана ұсынылады. Бұдан бөлек, бюджет жобасы мәслихаттың қарауына соңғы сәтте енгізіледі. Соның салдарынан депутаттар бұл құжатты үстірт қарап, қысқа мерзімде қабылдауға мәжбүр болады. Нәтижесінде кей жағдайда қаражат халықтың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін тиімсіз жобаларға бөлінеді. Жауапкершілік нақты айқындалмағандықтан, кейде жауап беретін адам да болмай жатады. Басқаша айтқанда, жергілікті деңгейде тиісті бақылау жоқ. Мұның бәрі тұрғындардың наразылығын туғызады», – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев мұндай жағымсыз құбылыстардың алдын алу үшін өкілді орган бюджет жоспарлау процесіне ең алғашқы кезеңнен бастап қатысуы қажет екенін айтты.

«Сонымен қатар бюджетке қатысты барлық талқылауларда тек мемлекеттік және өңірлік мүдделер алдыңғы қатарда болуы тиіс. Лоббизм мен популизмге жол берілмеуі керек. Негізгі қағидат – бәрі халық игілігі үшін», – деп түйіндеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ирактағы италиялық әскери база зымырандық шабуылға ұшырады

Италияның сыртқы істер министрі Антонио Таяни бейсенбі күні Ирактың Күрдістан өңіріндегі италиялық әскери базаға жасалған зымырандық шабуылды сынға алды.

2026 жылы мұнай жеткізілімі өсімі бұрынғы болжамнан екі есе төмен болады

Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) Иран төңірегіндегі Таяу Шығыс қақтығысы аясында 2026 жылға арналған әлемдік мұнай жеткізілімі өсімінің болжамын күрт төмендетті.

Еуропа қор нарықтары төмендеуде

Бейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі қор индекстері төмендеп жатыр. Инвесторлар компаниялардың жаңалықтарын бағалап, Таяу Шығыстағы жағдайдың дамуын бақылауды жалғастыруда.

Иранда 3 миллионнан астам адам соғыс салдарынан үйлерін тастап кетті

Израиль мен АҚШ-қа қарсы әскери әрекеттер салдарынан Иранда ел ішінде қоныс аударған адамдар саны 3,2 миллионға жетті.