Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту қарқынын жеделдету қажет

Тоқаев: Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту қарқынын жеделдету қажет

|

|

Астана. 13 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев озық технологиялар мен жасанды интеллектті мемлекеттің барлық саласына кеңінен енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Жұма күні Digital Qazaqstan жобасы бойынша өткен кеңесте сөйлеген сөзінде ол алдымен қолайлы институционалдық, құқықтық және іскерлік орта қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

«Ғылым, білім және технологиялар өте қарқынды дамып жатыр. Сондықтан нормативтік-құқықтық база да жедел жаңартылып отыруы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, әрбір азаматқа түсінікті болатын цифрлық мемлекеттің нақты анықтамасын қалыптастыру қажет», – деді Тоқаев.

Президент мемлекеттік аппарат қызметін жедел цифрландырудың маңызын ерекше атап өтті.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн форматқа көшірілді. Алайда ведомствоаралық ақпараттық жүйелер біртұтас процестерге толық біріктірілмеген. Барлық кезеңде жылдамдық пен сапа басты басымдық болуы тиіс. Бұрын да айтқанымдай, адамдар емес, деректер қозғалып тұруы керек», – деді ол.

Сонымен бірге Тоқаев цифрландыру мен бюрократияның екі түрлі ұғым екенін айтты.

«Жаңа тәсілмен жұмыс істеу қажет, заманауи технологияларды ескі бюрократиялық жүйеге бейімдеуге болмайды. Микроскоппен шеге қағудың не қажеті бар?! Қазіргі цифрлық мемлекет жасанды интеллектпен жұмыс істеуге бейім, үлкен деректер ағынында еркін бағдар таба алатын болуы тиіс. Сіздер осы жаңа әрі күрделі саланың мамандарысыздар, кем дегенде солай аталып жүрсіздер. Ендеше нәтижесін көрсетіңіздер. Мен жасанды интеллект туралы жаңалықтарды үнемі оқып отырамын. Оның дамуы соншалықты қарқынды, тіпті Қазақстанның цифрлық болашағы үшін алаңдай бастайсың. Меніңше, бұл бағыттағы жұмыстар баяулап кеткен», – деді президент.

Кеңес қорытындысы бойынша Тоқаев үкіметке мемлекеттік аппаратты терең трансформациялауды тапсырды. Бұл үдерістің кураторы әрі үйлестірушісі ретінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі белгіленді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев қазақстандық банктер бірыңғай QR жүйесін енгізуді кешіктіріп жатқанын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктер банкаралық QR-төлемдер сервисін (бірыңғай QR) енгізуді созып отырғанын мәлімдеді.

Қытайда NEV көліктерінің сатылымы екі жылда алғаш рет төмендеді

Қытайда ақпан айында автомобильдердің көтерме сатылымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға азайып, 1,805 млн бірлікті құрады.

Қазақстан Бас прокуратурасы референдум қарсаңында азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырды

Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтарға жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өткізу кезеңінде үгіт-насихат жүргізу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.

Қазақстанда отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл тағайындалды

Қазақстанда отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болып, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары қызметіне Снежанна Имашева тағайындалды.