Астана. 22 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдельазиз Әл Саудты және тақ мұрагері, премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты Корольдіктің Құрылу күнімен құттықтады. Бұл туралы жексенбі күні Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Құттықтау жеделхаттарында мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Қазақстанның ислам әлеміндегі және Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өткен.
Сондай-ақ Тоқаев достық пен өзара қолдауға негізделген жан-жақты ынтымақтастық екі халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдіргені баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған.
Президент Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагеріне жауапты қызметтерінде табыс, ал сауд халқына бақ пен береке тіледі.




