Евразия24ЖаңалықтарТрамп: АҚШ пен Иран арасындағы ахуал Хаменейды алаңдатуы тиіс

Трамп: АҚШ пен Иран арасындағы ахуал Хаменейды алаңдатуы тиіс

|

|

Вашингтон. 5 ақпан. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасындағы қазіргі шиеленіс Иранның жоғарғы рухани жетекшісі аятолла Али Хаменеи үшін елеулі қауіп факторы екенін мәлімдеді.

«Бұл жағдай оны шындап алаңдатуы керек деп ойлаймын. Иә, дәл солай. Себебі қазір олар бізбен келіссөздер жүргізіп жатыр», – деді Трамп NBC телеарнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін АҚШ басшысы Иран ядролық бағдарламасын қайта іске қосуға талпынса, Вашингтон қатаң жауап шараларын қабылдауға дайын екенін ескерткен болатын.

Бұл мәлімдеме Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерге дайындық жүріп жатқан кезеңде жасалды. Келіссөздер жұма күні өтуі тиіс. Алайда бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тараптар әлі күнге дейін келіссөздердің мазмұны мен өтетін орны бойынша ортақ келісімге келе алмай отыр.

Axios порталының дерегінше, келіссөздердің жалғасуына бірнеше араб елінің басшылары ықпал еткен. Олар Трампты бұл диалогтан бас тартпауға көндірген. Соған қарамастан, АҚШ ішінде келіссөздердің нәтижелілігіне қатысты күмән сақталып отыр.

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи кездесудің жұма күні Маскат қаласында өтетінін растады.

Айта кетейік, Тегеран мен Вашингтон бұған дейін бес раунд келіссөз өткізген. Ал алтыншы раунд 2025 жылғы маусымда Израиль мен АҚШ-тың Иран аумағына жасаған соққыларынан кейін өтпей қалған еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.