Евразия24ЖаңалықтарТрамп: Зеленский Қырым мен НАТО мәселесінен бас тартса, соғыс дереу тоқтайды

Трамп: Зеленский Қырым мен НАТО мәселесінен бас тартса, соғыс дереу тоқтайды

|

|

Вашингтон. 18 тамыз. Интерфакс. – Украинадағы соғысты қысқа мерзімде тоқтатуға болады. АҚШ президенті Дональд Трамптың пікірінше, мұндай мүмкіндік Украина басшысы Владимир Зеленский Қырымды қайтару және НАТО-ға қосылу талабын күн тәртібінен алып тастаған жағдайда ғана жүзеге асады.

«Президент Зеленский қаласа, Ресеймен соғысты бірден тоқтата алады. Қаламаған жағдайда соғысты жалғастыра береді», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сонымен қатар ол: «Қырым мәселесі қайта қаралмайды. Ол он екі жыл бұрын, Обама тұсында, бір оқ атылмастан берілген. Украина да НАТО құрамына қабылданбайды», – деп мәлімдеді.

Трамп жазбасын: «Кейбір дүниелер ешқашан өзгермейді!!!» – деген сөздермен түйіндеді. Бұл мәлімдеме дүйсенбі күні Вашингтонда өтетін Зеленскиймен кездесудің қарсаңында жарияланды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығының негізгі индекстері әртүрлі бағыттағы өзгерістермен жабылды

Нью-Йорк. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС. АҚШ-тың негізгі қор индекстері сәрсенбі...

Лондон Орталық Азия “Капитал Банкiне” және Қырғызстанның криптовалюта желілеріне санкциялар енгізді

Бішкек. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – Ұлыбританияның Сыртқы істер, Достастық...

«Росатом» Түркиядағы «Аккую» АЭС-ін 2026 жылы іске қосуды жоспарлап отыр

  Нижний Новгород. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – «Росатом» мемлекеттік корпорациясы...

«Росатом»: «Пакш-2» АЭС құрылысының алғашқы кезеңі қараша айында басталады

Нижний Новгород. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – «Росатом» мемлекеттік корпорациясының...