Мемлекет басшысы Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында айтқан мәліметті «күннің маңызды дерегі» деуге болады: еліміздегі 79 жоғары оқу орнында 63 мыңнан астам студент IT-мамандығы бойынша білім алуда. Бұл – цифрлық технологиялар саласын толық қамтамасыз етуге әлеуеті жететін мамандар легі. Алайда бірнеше апта бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин елімізде жасанды интеллектті кең көлемде енгізу үшін білікті кадрлардың жетіспейтінін мәлімдеген.
Қазақстанда медициналық қызметтің қымбаттауы инфляция немесе жаһандық нарықтағы тұрақсыздықпен ғана байланысты емес екені белгілі болды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (АЗРК) жүргізген талдауынан кейін мәлім болды. Мониторинг нәтижесі бойынша, Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» компаниясы Мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ГОБМП) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) аясында сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың кемінде 45%-ын өндірушілерден емес, делдал ұйымдар арқылы сатып алады.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан ЕАЭО елдері арасында кейбір экономикалық салаларда ең жоғары жалақы көрсеткішін жоғалтты. Қазіргі таңда еліміз басқа мемлекеттерден тек тау-кен өндіру және карьерлерді игеру саласында ғана алда тұр. Еуразиялық экономикалық комиссияның деректері негізінде жүргізілген бағалау нәтижесінде, бұл саладағы орташа жалақы 1831 АҚШ долларын құрап, Ресейден (1813 доллар) 18 долларға жоғары болды.
Олжас Бектенов басқаратын Үкімет әлеуметтік саладағы бақылаусыз шығындарды шектеу мақсатында батыл шаралар қабылдады. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында атап өткен «шексіз әлеуметтік бастамалардың» жолын кесу үшін алдағы үш жылда министрліктердің, ведомстволардың және әкімдіктердің кез келген жаңа бастамалары алдын ала үкіметтің қаржылық, экономикалық және жоспарлау блогымен келісілмесе, қаржыландырылмайтын болды.
Блокчейн арқылы жүргізілген криптотранзакциялар мониторингі барысында интернет-алаяқтық пен есірткі саудасынан түскен кірістерді заңдастыруға кәсіби қызмет көрсеткен «RAKS exchange» атты криптовалюта айырбастау сервисі анықталды. Агенттіктің мәліметінше, бұл сервис қылмыстық ортада жоғары беделге ие болған және 5 миллионнан астам қолданушысы бар 20 ірі Darknet маркетімен ынтымақтастық орнатқан. Соңғы үш жыл ішінде аталған криптосервис арқылы Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова елдерінің 200-ден астам есірткі дүкендерінің заңсыз табыстары заңдастырылған.