Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттар18% деңгейіндегі базалық мөлшерлеме: Ұлттық банк жауабы

18% деңгейіндегі базалық мөлшерлеме: Ұлттық банк жауабы

|

|

Бірінші кредиттік бюроның аналитикалық арнасының хабарлауынша:
«Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап, сонымен қатар инфляция бойынша болжамын жақсартты. Бұл шешімнің себебі неде? Ақпан айының қорытындысы жылдық инфляцияның баяулағанын көрсетті, әрі бұл үрдіс баға құрылымының барлық негізгі бөліктерінде байқалады. Ұлттық банктің пікірінше, бұған салыстырмалы түрде қатаң ақша-несие саясаты, кепілсіз тұтынушылық кредит берудің баяулауы, теңге бағамының нығаюы, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптарды кезең-кезеңімен арттыру арқылы артық өтімділіктің қысқаруы ықпал еткен. Сонымен қатар реттеуші инфляцияның төмендеуіне тұрғын үй-коммуналдық қызметтері мен жанар-жағармай бағасын көтеруге енгізілген мораторийдің де елеулі әсері бар екенін атап өтеді. Алайда айлық инфляция керісінше жеделдеп, 1,1% болды. ҚҚС-тың көтерілуіне байланысты бағаның өсуі әзірге қалыпты деңгейде деп бағалап отыр. Бұл ретте негізгі тәуекелдер ішкі факторларға байланысты. Атап айтқанда, реттелетін тарифтердің алдағы уақытта өсімімен, халықтың инфляцияға қатысты күтулері әлі де тұрақсыз күйде қалып отыр. Нарықтың кәсіби қатысушыларының инфляция бойынша болжамы да төмендеген: қаңтардағы 10,8%-дан 10%-ға дейін қысқарды. Ұлттық банктің 2026 жылға арналған өз болжамы да қайта қаралды. Бұрын 9,5–12,5% аралығы көрсетілсе, енді 9,5–11,5% деңгейі көрсетілген. Мөлшерлемені төмендетуге қатысты қандай да бір белгі бар ма? Бар. Ұлттық банк ақша-несие саясатын жұмсарту теориялық тұрғыдан жылдың екінші жартысында мүмкін екенін жазады. Бірақ ол үшін инфляцияның тұрақты түрде баяулауы және жаңа сыртқы күйзелістердің болмауы қажет. Қазіргі жағдайда мөлшерлемені төмендетуге негіз жоқ».

Еуразия24 пікірі:

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешімін түсіндіре отырып, баға өсімін уақытша баяулатуға әсер еткен бірқатар факторларды атап өтеді. Бұлар – әдетте қатаң ақша-несие саясаты қолданылған кезде пайдаланылатын стандартты құралдар. Алайда реттеушінің өзі инфляцияның төмендеуіне тұрғын үй-коммуналдық қызметтері мен жанар-жағармай бағасын көтеруге енгізілген мораторий де айтарлықтай ықпал етіп отырғанын мойындайды. Демек, инфляцияның баяулауына қол жеткізудің бір бөлігі нарықтық тетіктердің емес, уақытша әкімшілік шешімдердің нәтижесі болып отыр. Осы себептен бүгінгі инфляциялық ахуал қарама-қайшы көрінеді: жылдық көрсеткіш төмендесе, айлық инфляция 1,1%-ға дейін өсіп отыр. Бұл нарықтағы баға қысымының сақталып отырғанын көрсетпей ме? Ал тарифтерге енгізілген мораторий аяқталғаннан кейін жағдай қалай өзгеруі мүмкін? Біздің ойымызша, елдегі инфляциялық ахуал тарифтерді көтеруге қойылған мораторийді ұзарту мәселесін қайта қарауға негіз болуы ықтимал. Өйткені 18% деңгейіндегі базалық мөлшерлеме экономика үшін тым қымбатқа түсіп отыр. Ал бизнестің инвестициялық белсенділігі үшін қолайлы орта қажет екенін ескерсек, «қымбат ақша» кезеңі бұл үдеріске кері әсер ететіні анық.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ-тың көздегені тек Иран ба?

 Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуіне Йемендегі қақтығыс тараптары арасындағы әскери іс-қимылдардың күшеюі себеп болып отыр. Әсіресе Сауд Арабиясының отын инфрақұрылымына жасалған соққылардың салдары ауыр. Алайда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ президенті Дональд Трамптан әскери қолдау сұрағанда, Вашингтон бұл өтінішті қабылдамады. Иранмен қақтығыста жеңіліске ұшыраған АҚШ пен Израиль енді Таяу Шығыстағы ірі ойыншыларды бір-біріне қарсы қойып, өңірлік қақтығыс туғызуға тырысып отыр. Бір жағында – Иран, екінші жағында – Парсы шығанағындағы араб монархиялары. Бұған қоса, жақында жасалған әскери келісімге байланысты Түркия мен Пәкістан да соғысқа араласады деген үміт бар.

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.