Қазақстанда шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін аккредиттеу тәртібіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Сыртқы істер министрлігі әзірлеген жоба халықаралық тәжірибені ескере отырып, шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу тәртібін жетілдіруді көздейді.
Қазақстанда ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын төлеу тәртібі өзгереді. 2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап жаңа ереже күшіне енеді. Енді ғалымдардың еңбекақысы лауазымдық жалақымен ғана шектелмей, кәсіби және ғылыми жетістіктеріне қарай есептеледі.
Жаңа талаптар ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орындарында және ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын өзге де аккредиттелген мекемелерде жұмыс істейтін ғалымдарға қатысты.
Енді бұл шешімнің мәнін қарапайым тілмен түсіндіріп көрейік. Әңгіме тауардың қауіпсіздік пен сапаға қойылатын міндетті талаптарға сай екенін растайтын сертификаттар мен сәйкестік декларациялары туралы болып отыр. Ресейде осы құжаттарды тіркеу тәртібіне қосымша талаптар енгізілген. ЕЭК бұл талаптар ЕАЭО-ның ортақ нарығында тауар айналымын қиындатады деген қорытындыға келді.
ҚазТАГ мәліметінше, Қазақстанда кедейлік шегін айқындау тәртібіне өзгеріс енгізілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасында Әлеуметтік кодекстен алынып тасталған бірқатар норманы ведомстволық құжатқа енгізу көзделген.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы трансшекаралық инфрақұрылымға төнетін қатердің күшейіп келе жатқанын тағы бір маңызды мәселе ретінде атады. «Сондықтан бейбітшілік пен стратегиялық тұрақтылық экономиканың орнықты дамуы үшін аса қажет.