Евразия24Басты бетПарсы шығанағындағы соғыс және әлемдік мұнай нарығы

Парсы шығанағындағы соғыс және әлемдік мұнай нарығы

|

|

Иранның АҚШ пен Израильдің шабуылына жауап ретінде Ормуз бұғазын жабуы тек Эпштейн коалициясына ғана әсер етіп отырған жоқ. Алайда қалыптасқан жағдайда Тегеранның басқа таңдауы жоқ деуге болады. Әлемдік нарыққа «қара алтынның» жеткізілуінің үзілуі және Парсы шығанағындағы мұнай инфрақұрылымының нысанаға алынуы халықаралық энергетикалық әрі экономикалық ортада үлкен алаңдаушылық туғызбай қоймайды. Қалыптасқан жаңа жағдай енді шындыққа айналды. Сондықтан оған барынша салмақты әрі ұтымды түрде бейімделудің жолдарын ойластыру қажет.

Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 30 пайызы мен сұйытылған табиғи газдың (СПГ) 25 пайызы өтетін стратегиялық тар өткел. «Қара алтынның» бағасы салыстырмалы түрде аса күрт көтерілмей, шамамен 15 пайызға өсіп, барреліне 80–90 доллар деңгейіндегі аралықта тұрақтағаннан кейін, бірқатар сарапшылар көмірсутектер бұрынғыдай әлемдік экономиканың негізгі қуат көзі болудан қалып барады деген пікір айта бастады.

Бұл пікірмен толық келісу қиын. Өйткені биржалық шикізат тауарларының жеткізіліміндегі кез келген іркіліс бірден сезілмейді, оның әсері белгілі бір уақыт өткен соң байқалады. Сарапшылар тарихи тәжірибеге сүйеніп, Таяу Шығыстағы соғыстар әдетте ұзаққа созылмайды, сондықтан Ормуз бұғазы да жақын уақытта қайта ашылады деп болжауда. Бірақ оқиға басқаша өрбісе ше?

Қысқа мерзімді соғыстар дегенде көбіне Израиль қатысқан қақтығыстар айтылады. Ал Иранға келсек, ол Иракпен шамамен сегіз жыл соғысқан, оған қатысқан адамдар әлі де арамызда бар. Вашингтон мен Тель-Авив жылдам әскери операцияға үміт артқанымен, бұл жоспар жүзеге аспады. Ислам Республикасын күйретуге бағытталған соғыс мүлде басқа деңгейдегі ресурстарды қажет етеді. Жылдам әскери операцияға бейімделген армия мен қарсыласты толық күйретуге бағытталған ұзақ соғысқа арналған армияның құрылымы мен мүмкіндіктері мүлде бөлек. Израильде позициялық соғыс жүргізуге лайықталған әскер жоқ, ал АҚШ-қа құрлықтағы басқыншы күштерін Таяу Шығысқа жеткізу үшін уақыт қажет.

Пентагонның бағалауынша, операция 100 күнге созылуы мүмкін. Алайда бұл тек болжам ғана. Өйткені АҚШ «Томагавк» зымырандарын қазір үнемдеп қолдануға мәжбүр. Қолда Ресей мен Қытайға қарсы ықтимал соғысқа арналған стратегиялық резерв қана қалған, бірақ оны да пайдалана бастады.

АҚШ пен Израиль келіссөздер жүріп жатқан кезде Иранның әскери-саяси басшылығын екі рет жойғаннан кейін, жаңа келіссөздер кезеңінің жүзеге асу мүмкіндігі өте төмен. Осы жағдайды ескере отырып, жаңа рахбар болып қаза тапқан Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменеи тағайындалды.

Қытайдың мұнай қоры шамамен 200 күнге жетеді. Әрине, Пекин белгілі бір деңгейде бұл тапшылықты Парсы шығанағынан тыс аймақтардан жеткізілетін мұнай есебінен өтей алады. Дегенмен Қытай билігі сақтық шарасын күшейтіп, бензин мен дизель отынын экспортына тыйым салды.

Оңтүстік Корея үкіметінің мәліметінше, елдегі мұнай қоры шамамен 208 күнге жетеді. Алайда Сеул пайдаланатын мұнайдың 85–88 пайызы Парсы шығанағы елдерінен жеткізіледі. сондықтан бұл жеткізілімдерді толық алмастыру оңай емес. Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити елдің мұнай қоры 254 күнге жететінін мәлімдеді. Ал Токио үшін Парсы шығанағы көмірсутек жеткізілімдерінің негізгі көзі саналады: елге келетін мұнай мен газдың шамамен 83 пайызы осы өңірден тасымалданады.

Эпштейн коалициясы Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды бастаған кезде Үндістан тұтынатын мұнайдың шамамен 50–60 пайызын Парсы шығанағынан алып отырған. Алайда Делидің энергетикалық қорлары әлдеқайда қысқа мерзімге ғана жетеді. Шикі мұнай мен қоймалардағы бензин қорын бірге есептегенде, Оңтүстік Азиядағы бұл ірі мемлекетке шамамен 50 күнге жететін ресурс бар. АҚШ Үндістанға Ресейден көмірсутек сатып алуға уақытша рұқсат бергенімен, қазіргі жағдайда Вашингтонның саяси қолдауының өзі жеткіліксіз — тұрақты жеткізушілер қажет.

Индонезияның жағдайы одан да күрделі: елдегі мұнай қоры шамамен 25 күнге ғана жетеді. Халқы 300 миллионға жуық мемлекет үшін отын тапшылығы тез арада әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұласуы ықтимал.

Мұнай әлемдік экономиканың негізгі тірегі болып қала береді. Ормуз бұғазы жабылғаннан кейін бір апта өтпей-ақ, оның әсері нарықтағы баға динамикасынан байқалуы ықтимал.

Ал егер Тегеранмен қақтығысқа Әзербайжан да тартылса, Иранның дрондары мен зымырандары Бакудің мұнай-газ инфрақұрылымына соққы беруі ықтимал. Мұндай жағдайда елдің энергетикалық әлеуеті айтарлықтай әлсіреуі мүмкін.

Қалыптасқан жаңа жағдайда Қазақстан өте абай болуы керек. Қосымша табыс мүмкіндігі артқанымен, қолда барды жоғалту қаупі де жоғары. Тағы бір еске сала кетейік: Иран билігі америкалық энергетикалық компаниялардың активтері заңды әскери нысана саналатынын мәлімдеген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕАЭО БҰҰ-мен тәжірибе алмасуда

Алғаш қарағанда бұл кездесу ЕАЭО мен БҰҰ арасындағы диалогты ілгерілетуге бағытталған дипломатиялық қадам сияқты көрінеді. Алайда аталған құрылымдар арасындағы ынтымақтастық бұрыннан қалыптасқан.

18% деңгейіндегі базалық мөлшерлеме: Ұлттық банк жауабы

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешімін түсіндіре отырып, баға өсімін уақытша баяулатуға әсер еткен бірқатар факторларды атап өтеді. Бұлар – әдетте қатаң ақша-несие саясаты қолданылған кезде пайдаланылатын стандартты құралдар.

Қазақстан ирандық босқындарды қабылдауға дайын ба?

Егер босқындар легі Қазақстан бағытына қарай бет алса, мемлекет оларды қабылдауға және орналастыруға институционалдық тұрғыдан қаншалықты дайын екенін қалай бағалайды?

АҚШ пен Израиль түнде Ирандағы төрт мұнай қоймасына соққы жасады

АҚШ пен Израиль әскери күштері жексенбіге қараған түні Тегеран қаласы мен оның маңындағы төрт мұнай қоймасына соққы жасаған.