Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда психологиялық қызметтер нарығын реттеу енгізілуде

Қазақстанда психологиялық қызметтер нарығын реттеу енгізілуде

|

|

Астана. 8 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленіп, елімізде психологиялық көмек көрсету саласының құқықтық негіздерін алғаш рет қалыптастырады. Бұл туралы отырыста Мәжіліс депутаты Айна Мусралимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда психологиялық қызметке деген сұраныс айтарлықтай артқан. Бұл білім беру ұйымдарындағы өтініштерден, дағдарыс орталықтарының жұмысынан, әлеуметтік қызметтердің динамикасынан және әлеуметтік желілер мониторингінен байқалады.

«Сонымен қатар, психологиялық қызметтер нарығы әлі күнге дейін реттелмеген күйде қалып отыр. Қазіргі таңда кез келген адам өзін психолог деп атай алады – кәсіби білімі, расталған біліктілігі және клиент алдында жауапкершілігі болмаса да», – деді ол.

Заң жобасында алғаш рет психологтың кім екені және кімдердің психологиялық қызметпен айналыса алатыны нақты айқындалады. Сонымен бірге мамандардың кәсіби біліктілігі мен біліміне қойылатын талаптар белгіленеді.

Бұдан бөлек, құжатта қызметтің негізгі қағидаттары бекітіледі: кәсіби құпияны сақтау, этикалық нормаларды ұстану және манипуляциялық әдістерді қолдануға тыйым салу.

Сондай-ақ заң жобасы психологтардың және қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

«Психологиялық көмек көрсету тек қызмет алушының жазбаша түрде берілген ақпараттандырылған келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады (шұғыл жағдайлардан басқа). Қоғамның сенімін арттыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында барлық практик психологтарды мемлекеттік реестрде міндетті тіркеу ұсынылады. Бұл қызмет нарығын реттеп, тиісті біліктілігі жоқ, түрлі айламен азаматтарды адастыратын жалған психологтардың қызметін шектеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті депутат.

Заң жобасы психологтың жұмыс барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті екенін және тек қызмет алушының мүддесі үшін әрекет етуі керектігін бекітеді.

«Сонымен қатар, заң психологиялық және медициналық қызметтің аражігін нақты ажыратады. Бұл бұрын болған құқықтық түсініксіздікті жояды. Жалпы алғанда, заңды қабылдау психологтарды даярлау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды дамытуға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және азаматтарды қорғаудың құқықтық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы – енді жауапкершілік кімде екені, қайда жүгіну керек екені және қандай стандарттар бұзылғаны нақты айқындалады», – деп түйіндеді Айна Мусралимова.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ішкі істер министрлігі заңға қайшы діни насихатқа тосқауыл қойды

Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадағы жария мәлімдемелеріне байланысты діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жеке зейнетақы активтерін басқарушылардың мүмкіндігі кеңейеді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) зейнетақы активтерін басқару жүйесін түбегейлі өзгертетін түзетулер топтамасын жариялады. Басылымның бағалауынша, бұл шешімді жеке инвестициялық басқарушылар бес жылдан астам уақыт күткен.

Партиялар жаңа парламенттік міндеттерге дайын ба?

Жеті саяси партия Құрылтайдағы орындар үшін саяси бәсекенің белсенді кезеңіне қадам басты. Сайлауалды бағдарламалар жарияланып, кандидаттар тізімі бекітілді, сондай-ақ жалпыұлттық телевизиялық дебаттар басталды. Қабылданған Ата заң парламенттің рөлін жаңаша пайымдауды талап етеді. Мемлекеттік институттар жаңғыртылып, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінді, парламентаризмнің жаңа үлгісі қалыптасты. Соған қарамастан, парламенттің орны мен қызметіне қатысты бұрынғы көзқарастар әлі де басым.

Трамптың Африка жөніндегі кеңесшісі Эритреямен құпия келіссөздер туралы ақпаратты жоққа шығарды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Африка жөніндегі кеңесшісі Масад Булос Вашингтонның Эритреямен үшінші бір елге қарсы бағытталған құпия келісім жасауға ниетті екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.