Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда психологиялық қызметтер нарығын реттеу енгізілуде

Қазақстанда психологиялық қызметтер нарығын реттеу енгізілуде

|

|

Астана. 8 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленіп, елімізде психологиялық көмек көрсету саласының құқықтық негіздерін алғаш рет қалыптастырады. Бұл туралы отырыста Мәжіліс депутаты Айна Мусралимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда психологиялық қызметке деген сұраныс айтарлықтай артқан. Бұл білім беру ұйымдарындағы өтініштерден, дағдарыс орталықтарының жұмысынан, әлеуметтік қызметтердің динамикасынан және әлеуметтік желілер мониторингінен байқалады.

«Сонымен қатар, психологиялық қызметтер нарығы әлі күнге дейін реттелмеген күйде қалып отыр. Қазіргі таңда кез келген адам өзін психолог деп атай алады – кәсіби білімі, расталған біліктілігі және клиент алдында жауапкершілігі болмаса да», – деді ол.

Заң жобасында алғаш рет психологтың кім екені және кімдердің психологиялық қызметпен айналыса алатыны нақты айқындалады. Сонымен бірге мамандардың кәсіби біліктілігі мен біліміне қойылатын талаптар белгіленеді.

Бұдан бөлек, құжатта қызметтің негізгі қағидаттары бекітіледі: кәсіби құпияны сақтау, этикалық нормаларды ұстану және манипуляциялық әдістерді қолдануға тыйым салу.

Сондай-ақ заң жобасы психологтардың және қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

«Психологиялық көмек көрсету тек қызмет алушының жазбаша түрде берілген ақпараттандырылған келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады (шұғыл жағдайлардан басқа). Қоғамның сенімін арттыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында барлық практик психологтарды мемлекеттік реестрде міндетті тіркеу ұсынылады. Бұл қызмет нарығын реттеп, тиісті біліктілігі жоқ, түрлі айламен азаматтарды адастыратын жалған психологтардың қызметін шектеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті депутат.

Заң жобасы психологтың жұмыс барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті екенін және тек қызмет алушының мүддесі үшін әрекет етуі керектігін бекітеді.

«Сонымен қатар, заң психологиялық және медициналық қызметтің аражігін нақты ажыратады. Бұл бұрын болған құқықтық түсініксіздікті жояды. Жалпы алғанда, заңды қабылдау психологтарды даярлау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды дамытуға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және азаматтарды қорғаудың құқықтық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы – енді жауапкершілік кімде екені, қайда жүгіну керек екені және қандай стандарттар бұзылғаны нақты айқындалады», – деп түйіндеді Айна Мусралимова.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жасанды интеллектке шынайы көзқарас: технологиялар әлсіз экономика мен басқарудың орнын баса алмайды

Бұл мақала бір маңызды сұраққа ашық әрі объективті түрде жауап іздеуге бағытталған: Қазақстан жасанды интеллектіні кең ауқымда енгізуге шынымен дайын ба, әлде біз тағы да берік негізсіз ауқымды мақсаттарға ұмтылу қаупіне тап болып отырмыз ба? Мақала авторлары мемлекетті жауапты саясат жүргізуге, асығыс болжамдар мен жаңсақ үміттерге бой алдырмауға шақырады. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні басқарудың жай ғана сыртқы көрінісі ретінде емес, ел экономикасы мен мемлекеттік аппаратты дамытудың нақты құралына айналдыру қажеттілігіне басымдық береді. Қазақстандағы ЖИ жылы: Болашаққа бағдар ма, әлде күтілімдердің қатері ме?

Бәйтерек холдингі – жаңа мемлекеттік жоспарлау орталығы

Taldau Talks жобасының кезекті шығарылымы бұл жолы ерекше танымдық сипатымен әрі мазмұндылығымен ерекшеленді. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл жоба тұрақты қызығушылық тудырып отыр. Айта кететін жайт, конституциялық реформалардан кейін де, Ұлттық құрылтай құрылып, Мемлекет басшысының жаңа өкілетті тұлғалары тағайындалғанға дейінгі кезеңде Сенат спикерінің саяси рөлі маңызды болып қала береді. Спикердің бұл бастамасы – бір жағынан негізгі мемлекеттік қызметшілерді, екінші жағынан бизнес пен сарапшылар қауымдастығының өкілдерін бір арнаға тоғыстыратын бірегей интернет-алаң. Бұл формат елдегі өзекті экономикалық және әлеуметтік мәселелерді жария түрде талқылауға мүмкіндік беретіндіктен, оның маңызы жоғары.

Индустрияландыру жағдайындағы кадр тапшылығы мәселесі

Жалпы, мәселенің мәнін түсіну – оң үрдіс. Сарапшылар да жаңа технологиялық жобалардың тек жария деңгейінде қалып қоймай, нақты іске асырылып жатқанын мойындайды.

Кадр тапшылығы және көші-қон саясаты: Қазақстан жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Қазақстан білікті мамандарды тартады, ал Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде еңбек көші-қонын жеңілдету мүмкіндіктері кеңейеді. Қазіргі таңда адами капитал үшін бәсекелестік айтарлықтай күшейген.