Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламентінің Сенаты жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша заң жобасын қайта қарау...

Қазақстан Парламентінің Сенаты жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша заң жобасын қайта қарау үшін Қазақстан Парламенті Мәжілісіне қайтарды

|

|

*** Қаңғыбас жануарлар санын реттеу құзыретін мәслихаттарға беру ұсынылды

Астана. 30 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күнгі жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарап, оны өз түзетулерімен Мәжіліске қайтарды, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі.

Сенатор Арман Өтеғұловтың айтуынша, қоғамда кең талқыланған заң жобасын қарау барысында бірқатар өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған. Атап айтқанда, сенаторлар қаңғыбас жануарлар санын реттеудің нақты тәртібі мен мерзімдерін әр өңірдің мәслихаттары дербес айқындауы тиіс деп санайды.

«Осылайша, қаңғыбас жануарлар санын реттеу мәселесі әр өңірде жергілікті жағдайлар мен қаржылық мүмкіндіктер ескеріле отырып шешілетін болады», – деді депутат.

Бұған дейін Мәжіліс қабылдаған редакцияда қаңғыбас жануарлар панажайға немесе уақытша ұстау пунктіне жеткізілгеннен кейін бес тәулік өткен соң эвтаназия қолдану қарастырылған еді.

Сондай-ақ сенаторлар «қаңғыбас жануарлар» терминінің қолданыстағы анықтамасын сақтап қалды.

«Чиптің болмауы жануардың мәртебесін айқындамайды және меншік құқығын тоқтатпайды, ол тек жануардың тіркелмегенін көрсетеді. Сондықтан жануарлар сәйкестендіру құралдарының бар-жоғына емес, иесінің болмауына қарай қаңғыбас деп танылуы тиіс», – деп атап өтті депутат.

Бұдан бөлек, заңға құқықтық-техникалық түзетулер енгізілді.

Бұған дейін хабарланғандай, құжатты мәжіліс депутаттары әзірлеген. Ол жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы жетілдіруге, халық қауіпсіздігін арттыруға және жануарларға ізгі көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршин заң жобасы аясында қаңғыбас иттердің санын реттеу тәсілін өзгерту ұсынылғанын айтқан. Негізгі түзету – «табиғи ортаға қайта жіберу» моделінен «қайтарымсыз аулау» моделіне көшу.

Сондай-ақ заңда иттер мен мысықтарды міндетті түрде чиптеу енгізіледі – бұл жануар иесін анықтауға және жауапкершілікті нақтылауға мүмкіндік беретін құқықтық тетік.

Құжат Парламент Мәжілісінде қайта қаралатын болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.