Евразия24ЖаңалықтарЕуроодақ Украинаға 2,8 млрд еуро көлемінде жаңа қаржылық көмек бөлді

Еуроодақ Украинаға 2,8 млрд еуро көлемінде жаңа қаржылық көмек бөлді

|

|

Брюссель. 8 маусым. ИНТЕРФАКС – Еуропалық комиссия (ЕК) дүйсенбі күні Украинаның қаржылық тұрақтылығын қолдауға және реформаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында шамамен 2,8 млрд еуро бөлінетінін жариялады.

«Украинаның табандылығы мен маңызды реформаларды жедел жүзеге асыруы бұл төлемге толық негіз болды. Сонымен қатар біз елдің Еуропалық одаққа мүшелікке кіру жөніндегі келіссөздерінде одан әрі ілгерілеуіне жол ашып отырмыз», – деді ЕК-нің кеңею мәселелері жөніндегі мүшесі Марта Кос.

Еурокомиссияның хабарламасында шамамен 2,8 млрд еуро көлеміндегі қаражат Украина қорынан бөлінетін жетінші транш екені нақтыланған. Бұл қор Украинаның экономикасын қалпына келтіруге, реформалар бағдарламасын іске асыруға және ЕО-ға мүшелікке жақындауына қолдау көрсететін Еуроодақтың негізгі қаржылық құралы болып саналады.

Брюссельдің мәліметінше, аталған төлемді қоса есептегенде, ЕО-ның Украинаға осы бағдарлама аясында көрсеткен жалпы көмегі 29,5 млрд еуроға жетті. Бұл қордың мемлекеттік бюджетке тікелей қолдау көрсетуді көздейтін бірінші компоненті бойынша қарастырылған қаржыландырудың шамамен 77 пайызын құрайды.

Хабарламада бұл қаражаттың Украинадағы жалғасып жатқан әскери іс-қимылдар жағдайында елдің қаржылық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақты жұмысын қолдауға бағытталатыны атап өтілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан экономикасына 2035 жылға дейін 2,9 млн маман қажет болады

2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады. Оның 1,8 миллионы жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Финляндияда Fitburg жүк кемесінің капитаны мен экипаж мүшесіне қатысты сот басталды

Финляндияда Fitburg жүк кемесінің капитаны мен боцманына қатысты сот процесі басталды. Оларға Фин шығанағындағы телекоммуникациялық кабельдерді зақымдады деген айып тағылып отыр.

Volkswagen Ducati-ді сатуы мүмкін

Германияның Volkswagen (VW) автоконцерні шығындарын азайту мақсатында активтерін қайта қарап, мотоцикл шығаратын Ducati компаниясын сату мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады Bloomberg.

Азия қор нарықтарында сауда аралас нәтижемен өтіп жатыр

Сейсенбі күнгі саудада Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қор индекстері әр бағытта өзгеріп жатыр.