Евразия24Не болдыӨсімқорлықпен айналысқан Ростовщиков 1 млрд теңгеге жуық заңсыз табыс тапқан

Өсімқорлықпен айналысқан Ростовщиков 1 млрд теңгеге жуық заңсыз табыс тапқан

|

|

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз несие беріп, үстінен пайыз алып келген ер адам екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бір қызығы, оның тегі де айналысқан ісіне сай келіп тұр.

«Солтүстік Қазақстан облысында лицензиясыз заңсыз кәсіпкерлік және микроқаржылық қызметпен айналысқан Е.В. Ростовщиков екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Қаржылық мониторинг агенттігінің СҚО бойынша департаменті тергеу барысында заңсыз қарыз берудің 78 дерегін анықтады. Қарыз алушылардың дені ақшаға аса мұқтаж, бірақ банктен несие алу мүмкіндігі болмаған азаматтар», – деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі . Ведомство сот үкімінің әзірге заңды күшіне енбегенін атап өтті.

Агенттік мәліметінше, қарыз беру кезінде екі түрлі тәсіл қолданылған. Біріншісінде нотариус арқылы қарыз шарты рәсімделгенімен, мәміленің нақты талаптары құжатта көрсетілмеген. Шарттағы жалпы сомаға қарыз алушының қолына берілген ақша ғана емес, оны пайдаланған бүкіл мерзімге есептелген пайыз да бірден қосылған. Қарыздың қайтарылуына кепіл ретінде мүлік рәсімделген.

Екінші тәсілде қарыз беру сатып алу-сату мәмілесі ретінде көрсетілген. Іс жүзінде мүлік үшін ешқандай ақша төленбеген, ал мүліктің өзі қарыздың кепілі ретінде пайдаланылған. Қарыз өтелгеннен кейін сатып алу-сату шарты бұзылып, мүлік иесіне қайтарылған.

«Осылайша, азаматтық-құқықтық мәміле түрінде рәсімделгенімен, іс жүзінде мүлікті кепілге алып, азаматтарға жүйелі түрде пайызбен қарыз беріліп отырған. Заңсыз қызметтен түскен қылмыстық табыс 774 млн теңгені құрады. Бұл қаражатқа қымбат мүлік пен басқа да активтер сатып алынған», – деп толықтырды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.

Сот үкімімен өсімқор Ростовщиковтың алты пәтері, Toyota RAV4 автокөлігі, Kawasaki KLX250 мотоциклі және құны 280 млн теңге болатын бағалы қағаздары мемлекет кірісіне тәркіленді.

Қысқасы, адамның тегі болашақ кәсібін күні бұрын меңзеп қойғандай. Ал Ростовщиков тегін жай ғана алып жүрумен шектелмей, оның мағынасын іс жүзінде де дәлелдеп шыққан.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

 Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Еуропада аптап ыстықтан 50 мыңнан астам адам көз жұмды

2026 жылдың жазында Еуропаның 900-ге жуық қаласында аптап ыстықтың салдарынан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Лондон Империялық колледжінің Грэнтэм институты жариялаған баяндамада айтылған.

Алдағы уақытта келіссөздерге Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін

Қарашаның бірінші жартысында Абу-Дабиде өтуі жоспарланған Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздер үшжақты форматта ұйымдастырылады. Алайда алдағы уақытта қауіпсіздік мәселелерін талқылауға Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Тайваньда «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Тайвань аралына жақындап келе жатқан «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы жұма күні Азияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.