Евразия24ЖаңалықтарРумынияның жаңа үкіметі келесі аптаның басында бекітілуі мүмкін

Румынияның жаңа үкіметі келесі аптаның басында бекітілуі мүмкін

|

|

Рим. 16 қазан. ИНТЕРФАКС – Румыния парламентінің салалық комитеттері келесі аптаның басында жаңа үкіметті жасақтау міндеті жүктелген Лука Никулеску ұсынған министрлікке кандидаттарды тыңдайды. Бұл туралы жұма күні Румыния радиосы хабарлады.

Радионың мәліметінше, жаңа үкімет құрамын бекітуге арналған дауыс беру сейсенбі күні парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында өтеді.

Никулеску министрлікке ұсынған кандидаттардың тізімін бейсенбі күні кешке парламентке таныстырды. Тізімге социал-демократтар мен партияларға қатысы жоқ кәсіби мамандар енген. Никулеску үкіметті бекітуге қажетті 233 депутаттың дауысын жинайтынына сенімді.

Бұрынғы премьер-министр әрі Ұлттық либералдық партияның жетекшісі Илие Боложан либералдардың жаңа үкіметті қолдап дауыс беруге шешім қабылдағанын мәлімдеді. Алайда партия бұдан кейін оппозицияға өтпек. Бұл шешім сенбі күні ресми түрде жарияланады.

Румыния президенті Никушор Дан 5 қазанда тәуелсіз кандидат Лука Никулескуге жаңа үкіметті жасақтауды тапсырған еді. Никулеску бұған дейін Сыртқы істер министрлігінде мемлекеттік хатшы қызметін атқарған. Сондай-ақ Румынияның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіру үдерісін үйлестірген.

Румыниядағы үкімет дағдарысы мамыр айында парламент депутаттары Илие Боложанға сенімсіздік білдіргеннен кейін басталды. Содан бері жаңа үкімет құруға үш рет талпыныс жасалғанымен, ешқайсысы нәтиже берген жоқ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Канада мен Еуроодақты жақындасуы Еуропаға сұйытылған газ жеткізілімін арттыруы мүмкін – сарапшы

Канада мен Еуропалық одақ арасындағы байланыстардың нығаюы энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуі мүмкін. Ресей Ғылым академиясының АҚШ және Канада институты Канада бөлімінің жетекшісі Наталья Вяхирева осындай болжам жасады. Оның айтуынша, Оттава мен Брюссельдің жақындасуына Канада мен АҚШ арасындағы сауда қайшылықтары да ықпал етіп отыр.

АҚШ доллары еуро мен фунтқа шаққанда одан әрі арзандап, иенаға қатысты бағамы тұрақты

Жұма күні күндіз АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы бұрынғыдан да жылдам төмендеді. Ал жапон иенасына қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.

Экологиялық мәселелер саяси келіспеушіліктерден жоғары тұруы тиіс

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәселелер саяси келіспеушіліктерден жоғары тұруы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының пікірінше, табиғатты сақтау үшін халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіру қажет.

Еуропаның қор нарықтарында акциялар қымбаттап жатыр, Ұлыбританияда ғана төмендеу байқалады

Жұма күні Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері негізінен өсіп жатыр. Инвесторлар жарияланған статистикалық мәліметтер мен компаниялардың қаржылық есептерін бағалауда.