Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Канададан әкелінетін бірқатар тауарға салынған баж салығын алып тастайды

АҚШ Канададан әкелінетін бірқатар тауарға салынған баж салығын алып тастайды

|

|

Лондон. 24 қазан. ИНТЕРФАКС – АҚШ Канададан импортталатын бірқатар тауарға белгіленген 50 пайыздық кедендік баж салығын алып тастамақ. Бұл туралы BBC британдық телерадиокорпорациясы хабарлады.

«30 қазаннан бастап фанераға, қағаз өнімдерінің кейбір түрлеріне, жекелеген жабдықтар мен тоңазытқыш қондырғыларына салынатын баж салығы төмендетіледі», – деп хабарлады BBC Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім Конгреске өтетін аралық сайлау қарсаңында Мэн штатынан сайланған сенатор Сьюзан Коллинз бен өзге де республикашылдарға қолдау көрсетуге бағытталған.

«Мен осы маңызды тауарларға салынатын баж салығын төмендетуді сұрап, қосымша шығындардың Мэн штатындағы кәсіпорындар мен отбасыларға қаншалықты ауыр тиіп отырғанын бірнеше рет айттым. Алдағы уақытта да әкімшілік өкілдерімен тікелей жұмыс істеп, кедендік алымдарды одан әрі азайтуға және көршіміз, одақтасымыз әрі ең ірі сауда серіктесіміз Канадамен ауқымды сауда келісімін жасауға күш саламын», – деді Коллинз.

Мэн штатының экономикасы Канадамен сауда байланысына едәуір тәуелді. Ал Коллинздің Демократиялық партия атынан сайлауға түсетін қарсыласы Трой Джексон АҚШ пен Канада арасындағы сауда текетіресін сайлауалды науқанының басты мәселелерінің біріне айналдырған.

Қоғамдық пікір сауалнамаларына сәйкес, дауыс беруге дейінгі соңғы апта қарсаңында екі кандидаттың қолдау көрсеткіштері шамалас.

2026 жылғы тамыздың соңында АҚШ президенті Дональд Трамп екі ел сауда келісіміне келе алмағаннан кейін Канададан импортталатын жалпы құны шамамен 20 миллиард доллар болатын тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізген еді. Бұл Канададан АҚШ-қа экспортталатын тауарлардың шамамен 5 пайызын құрайды.

Бұған жауап ретінде Канада да америкалық тауарларға кедендік баж салығын енгізді. Осыдан кейін Трамп Канададан жекелеген тауарларды әкелуге тыйым салып, тараптар келісімге келмеген жағдайда қаңтар айында канадалық автомобильдерге салынатын баж салығын екі есеге арттыратынын ескертті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

МАГАТЭ Запорожье атом электр станциясындағы жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Запорожье атом электр станциясындағы (ЗАЭС) электр жабдықтарын жөндеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы агенттіктің ресми сайтында жарияланған хабарламада айтылған.

АҚШ барлауы Иран америкалық шенеуніктерге қастандық жасауды жоспарлап отыр деп есептейді

АҚШ барлау қызметінің мәліметінше, Иран шетелде жұмыс істейтін америкалық дипломаттар мен лауазымды тұлғаларға қастандық жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Axios ақпараттық порталы хабарлады.

Франция билігі жаңа наразылық шерулеріне дайын екенін мәлімдеді

Франция үкіметі елде тұрмыс құнының қымбаттауына қарсы наразылықтардың күшеюіне байланысты сенбі күні ведомствоаралық дағдарыс штабын шұғыл жинады. Бұл туралы EFE агенттігі хабарлады.

«Келешектің» болашағы қандай?

 Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.