«Вечерний Бишкек» өз ақпаратында Қырғызстан мен Ұлыбритания арасындағы байланыстар соңғы уақытта едәуір жанғаны туралы хабарлады. Алайда өзара тиімділік пен инвестициялар туралы жарқын мәлімдемелердің тасасында әлдеқайда күрделі күн тәртібі байқалады.
Ынтымақтастық ұранымен жүзеге асырылып жатқан жоба — шын мәнінде, елді қайта форматтаудың біртіндеп жүріп жатқан процесі. Бұл — қатаң талаптармен берілетін несиелер, заңнамалық және білім беру жүйесіне ықпал ету, ақпараттық кеңістікке белсенді араласу.
Мұндай жағдайда Қырғызстан шынайы серіктес емес, тек құрал ретінде қарастырылады. Ел сыртқы ойыншылар белгілеген ережелер бойынша жүріп жатқан бөгде сценарийге тартылып отыр. Ал бұл ойында түпкілікті нәтиженің қырғызстандық азаматтардың мүддесімен ешқандай байланысы жоқ.
Евразия24 пікірі:
Біз неге көршілес, бірақ бүгінде көпшілікке беймәлім мемлекетке айналған Қырғызстан туралы пікір білдіріп отырмыз? Алматы тұрғындары өзінікіндей көретін Ыстықкөлден басқа, бұл елде не болып жатқаны бізге онша таныс емес әрі аса қызығушылық тудырмайтыны да жасырын емес.
Соған қарамастан, Қырғызстанда назар аударуға тұрарлық процестер жүріп жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін «демократия аралы» атанған бұрынғы Қырғыз КСР аумағында ұзақ жылдар бойы шетелдік қаржыландырудағы үкіметтік емес ұйымдар кеңінен тараған еді – олардың өкілдіктері тіпті ең шағын ауылдарда да жұмыс істеген.
Алайда соңғы уақытта жағдай өзгеріп келеді. Қазір елде Б. Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университеті тұрақты жұмыс істейді, «Еуразия» автономды коммерциялық емес ұйымы белсенді қызмет атқаруда, «Спутник» ақпарат агенттігінің ықпалы күшейіп отыр…
Ұлыбританияның бүкіл саясатын барынша қатаң түрде сынға алып отырған жай ғана бір түсініксіз сайт емес, Қырғызстандағы беделді «Вечерний Бишкек» басылымы екеніне назар аударыңыз.
«Ұлыбританияның Ресей мен ЕАЭО елдерінен айырмашылығы — Қырғызстанды тең құқылы серіктес ретінде емес, аймақтағы бәсекелестерді, ең алдымен Мәскеуді, тежеуге арналған буфер мен тетік ретінде пайдалануға ұмтылуында. Адам құқықтары, гендерлік теңдік пен тұрақты даму сияқты ұрандардың астарында сыртқы бақылау жүйесі жатыр: гранттар, шартты несиелер, заңнамалық реформалар, медиамен, парламентпен және білім беру саласымен жұмыс жүргізу арқылы ықпал күшейтілуде. Бұл – Қырғызстан ішкі құрылымын сыртқы сұранысқа сай қайта пішіндеу процесі. Мұндай жағдайда елге формалды тәуелсіздігі бар, бірақ шынайы түрде сырттан басқарылатын «жұмсақ отар» рөлі беріліп отыр».
Осындай өткір мәлімдемеге түрткі болған себеп – Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің бірінші орынбасары мен Ұлыбритания СІМ-нің Достастық және даму істері жөніндегі мемлекеттік хатшысының кездесуі ғана. Бірақ «Вечерний Бишкек» әрдайым қырағы.