Евразия24ЭкономикаБайланыс бар, сапа жоқ: Қазақстанда тариф неге өсе береді?

Байланыс бар, сапа жоқ: Қазақстанда тариф неге өсе береді?

|

|

Маусым айында TengriLife порталы ұялы байланыс операторлары қызметініңқымбаттауына байланысты баға динамикасын жариялады. Тарифтердің өсу себебін байланыс операторлары техникалық жаңғырту, 5G желісіне көшу және интернет тұтынудың күртартуымен байланыстырады.

Tele2 және Beeline компаниялары бағаның өсуіне басты себеп ретінде базалық станцияларды орнатуға және жаңартуға бағытталған инвестицияларды алға тартып отыр. Сонымен қатар, 5G желісінің енгізілуімен абоненттердің интернетке деген сұранысының артуы да тарифтерге тікелей әсер еткен.

Tele2 өкілдерінің мәліметінше, тек 2023 жылы 5G желісін енгізуге компания 150 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұл инвестициялардың басым бөлігі базалық станцияларды орнату мен жаңартуға бағытталған. Бір базалық станцияны орнату (құрал-жабдық, құрылыс және қызмет көрсету) орта есеппен 150 мың еуро тұрады. Бұған қоса, жер телімін бөлу мен қосылу жұмыстарына жыл сайын тағы шамамен 40 миллион еуро жұмсалады.

Операторлар «мобильді байланыс бағасы небәрі 44%-ға өсті» деп мәлімдейді. Бұл, сірә, инвестиция мен трафик көлемінің артқанын ескере отырып, соңғы үш жылдағы орташа өсімге қатысты айтылған болуы мүмкін.

Алайда бұл дерек шынайы көріністі толық бере ме? Мысалы, 2023 жылдың жазында «Выгодный за 3590» тарифін пайдаланған абоненттер үшін 2025 жылы бұл тариф «Выгодный за 5590» болып өзгерген. Яғни екі жыл ішіндеөсім 55,7%-ды құраған. Сондықтан «бар болғаны 44%» деген тұжырым шын мәнінде орташа көрсеткіш болуы мүмкін және сондықтан да салыстырмалы түрде қалыпты естілетін тәрізді.

16 маусым күні Beeline операторы бірқатар тарифтік жоспарлар бойынша жаңа шарттар енгізілетінін хабарлады. Компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, өзгерістер тек нарық талаптарына сай келмейтін бірнеше мұрағаттық тарифтерге ғана қатысты, олардың құны қайта қаралады.

Beeline деректеріне сүйенсек, шілде айынан бастап күшіне енетін бұл өзгеріс абоненттердің тек 10 пайызына әсер етеді, ал орташа өсім 1 146 теңгені құрайды. Бұл туралы TengriLife порталы жазды.

Алайда тұтынушыларға тиімсіз өзгерістер Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) тарапынан жарияланған тексерістер аясында орын алып отыр.

БҚДА-ның 2024 жылғы желтоқсан айындағы хабарламасында былайделінген: «2023 жылы ұялы байланыс қызметтері тарифтерінің қымбаттауына байланысты Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel) және«Кар-Тел» ЖШС (Beeline) операторларына қатысты Кәсіпкерлік кодекстің170-бабы бойынша, тарифтердің келісілген түрде көтерілуі бойынша тергеу жұмыстарын бастаған. Сонымен қатар, ұялы байланыс операторлары тарапынан бір минуттық қоңырау құнын тарифтік жоспарларда 18 теңге көлемінде бірдей белгілеу факторы анықталғанына байланысты, операторларға анықталған белгілерді жою және бағаларды негізді түрде төмендету жөнінде хабарламалар жолданды».

Ал тергеу нәтижесі әзірге белгілі бір шешімге әкелген жоқұялы байланысоператорлары АЗРК әрекеттерін сотқа берген.

2025 жылғы мамыр айында Besmedia порталы хабарлағандай, қазіргі уақытта Beeline, Kcell және Tele2 операторларына қатысты тергеулер әлі жалғасуда.Бұл істер бойынша нақты шешім шығарылмаған. «Қазіргі таңдабіз Жоғарғы соттың шешімін күтіп отырмыз. Кейін міндетті түрде ресми түсініктеме береміз», – деп агенттік өкілдерінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Осылайша, байланыс нарығындағы ахуалды тұтынушылар мүддесі тұрғысынан терең зерттей алатын жалғыз орган – Бәсекелестікті қорғау жәнедамыту агенттігіірі нарық ойыншыларымен текетірес жағдайында қалды. Соның салдарынан шамамен екі жыл бойы тарифтік келісім белгілеріне қатысты нақты дәлел жинау мүмкін болмай отыр. Бұл ретте ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымды жаңғыртуға кеткен шығындарының ауқымы мен тарифтердің жүйелі қымбаттауына ықпалы туралы деректерді нақтылайтын да, жоққа шығаратын да құзырлы тарап әзірге жоқ.

Осы оқиғаға байланысты 2025 жылы мамыр айында белгілі болғандай, ұялы байланыс операторларына қатысты екі жылға созылған тергеу прецеденті Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізуге негіз болды.

«Кәсіпкерлік кодекстің өзекті редакциясына сәйкес, енді тергеу бастау туралыбұйрықтар мен сұраныстарды жолдау сотқа шағым түскен жағдайда да тоқтатылмайды. Бұл бізге уақыт жоғалтпай, нарық субъектілері талап-арыз түсірсе де, дәлелдер жинау жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Әлжан.

Соған қарамастан, 2023 жылдан бері ұялы байланыс операторларына нақты тексеріс жүргізу мәселесі – БҚДА Жоғарғы соттың түпкілікті шешімінен кейін ғана бастай ма, жоқ па – әзірге ашық күйінде қалып отыр.

Айта кетейік, ұялы байланыс операторларының қызметіне бәсекелестікті қорғау органдарының назар аударуына тек тарифтердің үздіксіз өсуіне байланысты абоненттердің шағымдары ғана емес, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері де себеп болды. KazTAG агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, шын мәнінде, желіні дамыту мен қолдауға бағытталған инвестициялар жыл сайын артып отырған жоқ. Керісінше, саланың инвестициялық белсенділігі төмендеген, ал операторлардың кірістері мен оларға қатысты шағымдар өсіп келе жатқаны байқалады.

«Абоненттер саны тұрақты деңгейде сақталып отырғанымен, талдау жүргізілген кезеңде нарықта ұялы байланыс операторларының инвестициялық белсенділігі төмендегені байқалады. Сонымен қатар, байланыс қызметтерінен түсетін табыс көлемі артқан. Бұл ретте халықтарапынан операторлар көрсететін қызметтердің сапасына және бағалардың өсуіне байланысты шағымдар саны көбейіп отыр. Алайда ұялы байланыс операторлары жыл сайын желіні қолдау мен дамытуға салынатын инвестициялар көлемі артып келеді деп мәлімдеуде. Дегенмен, Цифрлықдаму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері мүлдем басқа картинаны көрсетіп отыр. Соңғы жылдары байланыс саласынасалынатын инвестициялар көлемі азайған», – деп хабарлаған болатын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2024 жылғы шілде айында.

Осы жағдайда байланыс сапасы Қазақстанда қандай ресурстар есебінен артуы тиіс деген сұрақ туындайды. Мүмкін, соңғы бір жыл ішінде жағдай өзгерген болар. Мемлекеттік органдар тарапынан кешенді тексерулер жүргізілуі мүмкін деген ықтимал қауіп, операторларды желіге тек іріқалаларда ғана емес, жоғары табыс әкелмейтін өңірлерде де инвестиция салуға ынталандырған болуы мүмкін. Алайда бұған дәлел болатын нақты деректер әзірге жоқ.

Алайда Қазақстандағы бәсекелестіктің өзіндік ерекшеліктері барына дәлел болатын жайттар жеткілікті. Айталық, мұнда нарықтың «көбірек алған үнемді» заңы байланыс саласында мүлде іске аспайды. Керісінше, байланыс қызметтерін пайдалану көлемі жыл сайын артып отырса да, бағалар да соған қатар өсіп келеді.

Мұндай жағдайдың себебі, ең қарапайым түсіндірмеге келіп тіреледі: ұялы байланыс бүгінде жарық, жылу немесе су секілді стратегиялық маңызы бар тұтынушылық қызметке айналды. Халықтың таңдау мүмкіндігі жоқбайланыссыз өмір сүру мүмкін емес. Ал нарықтағы үш оператор үшін бұлжағдайда нақты бәсекелестікке түскенше, оның көрінісін қалыптастырған оңайырақ сияқты.

Олай болса, жағдайды қалай өзгертуге болады? Мүмкін, ұялы байланысты стратегиялық маңызды қызмет түрі ретінде ресми түрде тану керек шығар. Бұл ретте мемлекет ең жоғары рұқсат етілетін тарифтерді немесе әлеуметтік осал топтарға арналған міндетті әлеуметтік тарифтік пакеттерді белгілеу құқығына ие болар еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Жаһандық проблемаларға еуразиялық жауап: ЕАЭО-ның әлеуеті қандай?

Іс-шара «Глобалды Оңтүстікте энергетикалық ауысуды жеделдету: орнықты экономикалық өсім мен стратегиялық әріптестікті дамыту» тақырыбымен өтті. Өз сөзінде Арзыбек Қожошев ЕАЭО елдерінің энергетикалық әлеуетін атапөтіп, Одақ  әлемдік газ қорының 20%, көмірдің 20%, мұнайдың 7%-на, сондай-ақ электр энергиясын өндірудің 5%-ына ие екенін жеткізді.

«Күтіп отыра алмаймыз»: Қазақстан ЖЭО құрылысын өзі бастады

«Қазіргі уақытта Ресей Федерациясынан жеңілдетілген әрі кепілді қаржыландыру бойынша нақты ақпарат алған жоқпыз. Сондықтан Көкшетауда құрылыс жұмыстарын өз күшімізбен бастап кеттік. Бұл жобамен “Самұрық-Энерго” айналысып жатыр. Ал Семей мен Өскеменге қатысты да ресейлік тараптың жауабын күтіп отырмыз. Егер жақын арада жауап болмаса, бұл жобаларды да өзіміз жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырамыз. Біз күтіп отыра алмаймыз», — деді Олжас Бектенов.

Экономиканың шынайы ахуалы: Fitch-тің астарлы бағасы

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі жариялаған есебінде АҚШ тарапынан енгізілген 25 пайыздық импорттық баж салығы Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етпейді деген тұжырым жасалған. Себебі, АҚШ-тың Қазақстанның жалпы сыртқы сауда құрылымындағы үлесі мардымсыз.

Алтын – мемлекет меншігі ме, әлде қылмыстық табыс көзі ме?

Қазақстанда заңсыз алтын өндірумен күрес мәселесі жөнінде соңғы ретнақты әрі жүйелі пікірталас бір жылдан астам уақыт бұрын көтерілген еді. 2024 жылдың наурыз айында сенатор Андрей Лукин Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған депутаттық сауалында елімізде жылсайын шамамен 25 тонна алтын заңсыз өндірілетінін, ал бұл әрекеттердің мемлекетке келтіретін шығыны 1,5 миллиард теңгеге жуық екенін атап өткен.