Евразия24Ұлы Жібек жолындағы ой-талқыБешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы

|

|

ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫ

«МОҢҒОЛ» ҰҒЫМЫ 

Қытайлықтар пайдасыздығы жағынан, материалдық қор мен адам шығыны жағынан алып Мысыр пирамидаларынан әлдеқайда асып түскен, 9000 километрге созылған Ұлы Қытай Қорғанын не үшін салғанын айтқанда, ата-бабалары оны табан аудырмай, 2000 жылға жуық салғанын, ондағы мақсаты зұлым көршілері – ғұндардың озбырлығынан қорғану болғанын алға тартып, бүкіл әлем алдында ақталады. 

Қытайға тиесілі Ішкі Моңғолия мен Моңғол Халық Республикасын қоса, қорғанның батысы мен солтүстігіне қарайғы бүкіл жерлерді біздің дәуірімізге дейінгі 3-ғасырдан бастап ғұндар, яғни, түркітілдес көшпенділер, сын-сипаттарына қарағанда, арғы қазақтар жайлағанына осы Ұлы Қорған айғақ. 

Қазіргі Моңғолия аумағы өткен замандарда қазақтың найман, керей, жалайыр, дулат, қоңырат, меркіт, қият және басқа да ірі руларының байырғы жерлері болғанын моңғолдардың өздері де мойындайды. Ол рулардың ұрпақтары бүгінде осы елдегі тұрғын халықтың 5%-ын құрап, саны жағынан екінші ұлт болып табылады, ал, Моңғолиядағы географиялық нысандардың түркілік атаулары, мысалы Ақсу, Қарасу, Арғын, Шарын Көл, Халхин Көл, тіпті, астанасының Ұлан Баатор деген атауы ол жерде атам заманнан көшпенді түркілер тұрғанын растаса керек. 

1186-жылы жайылымдық жерлер мен су көздері үшін көршілерімен бітіспес соғыстардан шаршап, жоқшылыққа ұшыраған руластары мұңдарын шаға берген соң, қазақтың найман, керей, жалайыр және дулат руларының Хан-басшылары бірігіп, әскери-экономикалық Одақ құруды ұйғарды. 

Құрылтайшылардың ондағы ойы – Төрт ру Одағының бірлескен Әскері, көршілес Билеушілердің кез-келгенінен төрт есе артық әскери басымдығы болады. Осындай мызғымас қорғанысының арқасында Одақ құрамындағы рулар зарыға күткен бейбіт, қауіпсіз өмірге жетеді, ал, бейбітшілік пен қауіпсіздік экономиканың дамуына ықпал ететін шешуші факторлар болса, дамыған экономика, өз кезегінде, халықтардың әл-ауқатын арттырады. 

КАРТИНКА ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫ МЕН ҒҰНДАРДЫҢ ЖЕРЛЕРІ

Алдағы күніне сенімді, берекелі, бейбіт өмір кешкен, қарны тоқ, қайғысы жоқ халық билікке түксие қарап, тісін қайрамайды, олардың Билеушілеріне де керегі сол. Бір сөзбен айтқанда, жаңа Одақтың қарапайым халқына да, ру шонжарларына да – бәріне жақсы болады! 

Сөйтіп, Одақтың ішкі және сыртқы саясатына қатысты барлық шешімдерді жоғарғы басқару органы, яғни, Ру Хандарының «Құрылтайы» қабылдайды, әр ру өкілдерінен тұратын «Мәжіліс» оларды бірауыздан мақұлдайды, ал, Бас Атқарушы-Төраға басқаратын Орталық атқарушы орган «Үкімет» оларды жүзеге асырады, деп шарт жасалды.

Бұл ретте, әр ру Одақтың тең құқылы субъектісі мәртебесіне ие болып, өзінің аумақтық және саяси егемендігін толық сақтайды деп келісілді. Соңыра әлемнің алпауыт елдері осы мемлекеттік құрылым түрін өздеріне үлгі етіп алып,  оны «Федерациялық мемлекет» деп атайтын болады. 

Мемлекеттің негізгі құрылымының жалпы сипаттары талқыланған соң, Федерация іргесін қалаған ел ағалары «ал, енді осы жаңа бірлестігімізді қалай атаймыз?» деген маңызды сұраққа келіп тірелді. 

Ең үлкен қазақ руының басшысы «Найманстан» деген атауды ептеп тығып жібермек еді, оның бұл әрекетін басқа Құрылтайшылар наразылықпен тыйып тастады; осы жайттан кейін баршасы арада өкпе-реніш болмауы үшін, Федерацияның атауы Одаққа мүше-рулардың ешқайсысының атауына ұқсамауы керектігін түсінді. 

Сөйтіп, әйгілі халық аңыз-ертегішілері, ақындары мен жырауларына арнайы шақырту жіберіп, кешке қарай Құрылтайшылар жиналысына алдырды. Одаққа ең лайық атау ойлап тапқанның жүлдесіне күміс тайтұяқ тікті. Бірақ, келгендерге осы істі тез арада, кешкі тамақтан қалдырмай тындыруды өтініп, қолқа салды. 

Жүлде көлемін естіген мәдениет қызметкерлерінің жүрегі атқалақтап, ойлары пышырап, есеңгіреп қалды. Олардан пайда болмаған соң, уақыты келгенде, әлгі өзінің ұсынысы жақпай, беті қайтып қалған Бас Найман шаршаңқы жүзбен, «тым ақылсына бермей, мемлекетке қазақ халық поэзиясында бұрыннан бар МӘҢГІ КӨК ТӘҢІР ЕЛІ деген асқақ атауды беру» туралы ой тастады. 

Басқа ұсыныс түспеген соң, Құрылтайшылар Бас Найманның осы нұсқасын талқылап жіберіп, бұл атаудың ешқандай ру атауына ұқсамайтынын әрі әдемі, айбарлы естілетінін мойындап, жаңа мемлекетіміз «МӘҢГІ КӨК ТӘҢІР ЕЛІ» деп аталсын дегенге тоқайласты. Керемет атау! 

Кейін көшпенділердің көркейіп, күшейіп келе жатқан мемлекетіне қызыққан шығыстағы көршілері осы биік өркениетке бар жағынан еліктейтін болған-ау… деп сезіктенем өз басым.  

Ең алдымен олар оның сыртқы мәдени сипаттарын көшіруге кірісіп, өз елдеріне дәл сондай әдемі көркем атаулар берді. Осылайша, жапондардың “Күншығыс елі”, кәрістердің — “Таңғы шық елі”, ал, қытайлардың “Аспан асты елі” пайда болды. Біреулерінікі тікелей, екіншілерінікі жанамалап, әйтеуір, бәрінің атауы Аспанмен байланысты, сәл-пәл бүркемелегені болмаса, көшпенділерден тура көшіріп алғандары беп-белгілі тұр.

Алайда, «МӘҢГІ  КӨК  ТӘҢІР  ЕЛІ»  деп, бірнеше рет дауыстап айтып көрген Құрылтайшылар, бұл атаудың тым ұзын екенін, күнделікті қолданысқа жарамайтынын, ал, МКТЕ деп қысқартып алса, құлаққа жағымсыздау естілетінін мойындады. Мәжіліс үнсіз қалып, қайтадан ойға батты, ал, уақыт дегенің өтіп жатыр, бәрінің тамақ ішкісі кеп, шыдамсызданып барады. 

  • Мүмкін, КӨК ТӘҢІР деген 2 сөзді алып тастармыз?” – деп сыбыр етті осы кезде Мәжіліс Модераторы болып отырған Бас Дулаттың құлағына жанындағы жас стенографист, сөйтті де, тура жиналыс хаттамасын нұқып, қысқартса, ұзын атаудан не қалатынын көрсетті – МӘҢГІ ЕЛ.

Модератор маңдайын сарт еткізді де, Одақты “МӘҢГІ ЕЛ” деп атауды «өз атынан» ұсынып кеп жіберді.  Ерекше, қысқа, бейтарап әрі өте әдемі атау!

Қарындары ашқан Құрылтайшылардың бұл қысқартуға көңілдері толып, «МӘҢГІ КӨК ТӘҢІР ЕЛІ» Одақтың толық атауы, ал, «МӘҢГІ ЕЛ» қолдануға ыңғайлы қысқартылған нұсқасы болады деген шешімді бірауыздан қабылдады!

Естеріңізде болса, соңыра бұл тәсіл жаңа тарихта да жиі қолданылды, мысалы, «КСРО», яғни, «Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы» деген шұбырма атауы бар елді қысқаша «Кеңес Одағы» деп атайтын.

Сонымен, Модератор ұзаққа созылған мәжілісті жабық деп жариялады да, қатысушылар есікке таласа, көңілдене итерісіп, секектей басып, кешкі тамаққа жөнелді. Төралқа үстелінде ұмыт қалған күміс кесекті бас Дулат, жан-жағына қарап алып, қалтасына лып еткізіп, салып алды. Дұрыс – еңбегі сіңді ғой!

Кейін Көшпенділер Федерациясының мағыналы “МӘҢГІ ЕЛ” атауы фонетикалық тұрғыдан орыстардың айтуына қиын тиіп, ешкімге түсініксіз “МОҢҒОЛ”, кейін, тіпті, “МОҒОЛ” сөзіне айналып, бұрмаланып кетті.

Ол ол ма?! Қаһарымен әлемді тітіреткен әміршінің Алау Хан деген немересінің қарапайым ғана атын орыс қайраткерлері «Хулагу»-ге, ал, тағы бір немересі Құбылай ханның есімін «Хубилай»-ға айналдырып жіберген. Баяғыда Алматыда студент болған кезімізде Қостанайдағы бір совхозда ауыл еңбеккерлеріне бидай жинастық, сонда бір орыс тракторшысы мені қайта-қайта Дима деп атағысы келіп, қоймағаны бар, ал, досым Ерғалиды комбайншы-тәлімгері Юра деп атағаны есімде!

Отандастарым, назар аударыңыздар, Қазақстанда, Остап Бендер айтқандай: «Сең қозғалды». Мәдениетімізге мүлде жат, бірақ, баяғы сән-салтанатқа құмар «қазақылықпен» сәулетін асырып салған Нұр-Сұлтандағы Салтанат қақпасында үлкен алтын әріптермен “МӘҢГІЛІК ЕЛ” деп жазылған. Бірден “МӘҢГІ ЕЛ” деп жазуға сақсынған болу керек, бірақ, осының өзі халыққа талай жайтты аңғартты, бұл да болса, шынайы Рухани Жаңғыру жолында жасалған зор қадам!

Сонымен, біз түркі Федерациясының «Мәңгі Көк Тәңір Елі» атауының қайдан шыққанын талдап, оның қалайша «МӘҢГІ ЕЛ», кейін орысша «МОНГОЛ» болып өзгергенін көрдік. Айтпақшы, Атамекеннің «МӘҢГІ КӨК ТӘҢІР ЕЛІ» деген көркем атауы қазіргі Қазақстанның мемлекеттік туында сәтті көрініс тапқан. Бұл – келесі бір маңызды тақырып, оны да сіздермен бірге талқылайық.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы» 

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналып,...

Тоқаев Үкіметке мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллектті енгізу бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке...

Тоқаев киберқауіпсіздікті күшейтіп, қызметтік хат алмасуды отандық мессенджерге көшіруді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздік...

Жыл соңына дейін қазақстандық кәсіпорындар өндірісте жасанды интеллект енгізудің экономикалық нәтижесін көрсетуі тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды...