Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда орыс тілі – қоғамның әлеуметтік-саяси, ғылыми-білім беру және рухани өмірінің ажырамас...

Қазақстанда орыс тілі – қоғамның әлеуметтік-саяси, ғылыми-білім беру және рухани өмірінің ажырамас бөлігі

|

|

АСТАНА. 11 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елімізде көптеген мәдениеттер бейбіт қатар өмір сүріп, бір-бірін өзара байытып келеді, ал орыс тілі ерекше құрмет пен қолдауға ие.

«Мен әрдайым тілдік алуандылықты еліміздің бірегей артықшылығы деп есептеймін. Қазақстанда ондаған мәдениет өкілдері өзара үйлесімді өмір сүріп, мәдениеттері мен дәстүрлерін байытып отыр. Бұл тұрғыда орыс тілі – еліміздің әлеуметтік-саяси, ғылыми-білім беру және рухани өмірінің ажырамас бөлігі ретінде кеңінен мойындалған әрі қолдау тауып отыр», – деді Мемлекет басшысы сейсенбі күні «Российская газета» басылымында жарияланған «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін бағыт-бағдар» атты авторлық мақаласында.

Президент Тоқаевтың айтуынша, орыс тіліне қолдау көрсету халықтар арасындағы өзара сенім мен диалогты нығайтатын кең ауқымды гуманитарлық ынтымақтастықтың бір бөлігі ретінде қарастырылады.

«Осыған байланысты мен орыс тілін қолдауға бағытталған Халықаралық ұйым құру жөнінде бастама көтердім», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазақстандық жастар бірнеше тілді – мемлекеттік қазақ тілін, орыс тілін, сондай-ақ ағылшын, қытай және басқа да шет тілдерін меңгеруге тиіс.

«Бұл – жаһандану жағдайында табысқа жетудің маңызды алғышарты», – деп атап өтті Президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қымбатшылықтың көрінбейтін салмағы

Дүкенге кіргенде бұрын 10 мың теңгеге толтырып шығатын сөмкеңіз қазір неге жартылай ғана толады? Бұрын ұсақ көрінген бірнеше жүз теңгелік айырмашылық бүгін отбасы бюджетінің ең үлкен мәселесіне айналып барады. Нан қымбаттайды, еттің бағасы өседі, киім алу қиындайды. Ал ай соңында жалақы түскен күні қуаныштан бұрын есеп басталады: азық-түлікке қанша, жолға қанша, балаға қанша, несиеге қанша, коммуналдық төлемге қанша қалады?Қымбатшылықтың ең ауыр салмағы да - осында.

Тайвань Қытай әскерінің қозғалысын жедел анықтайтын жасанды интеллект жүйесіне тапсырыс берді

Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.

Тунисте президент саясаты мен экономикалық жағдайға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр

Сенбі күні Тунисте президент Каис Саидтың саясатына қарсы мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Батыс ақпарат құралдары хабарлады.

Трамп әзірге Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын елдерге баж салығын енгізбеуге шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.