Евразия24Арғы беттеАкадемия тарихы мен бүгінгі бейнесінің айырмасы неде?

Академия тарихы мен бүгінгі бейнесінің айырмасы неде?

|

|

Айырмашылығын табыңыз: осы жаңа сурет бұрыннан таныс, Қазақстан үшін айрықша маңызға ие ғимараттың бұрынғы бейнелерінен несімен ерекшеленеді?

Мұндай суреттердің саны аз емес. Қазақ КСР Ғылым академиясы ғимараты – академик Щусевтің жобасы бойынша 1951–1954 жылдары салынған сәулет туындысы. Содан бері ғимараттың маңдайшасында орналасқан «Қазақ ССР Ғылым академиясы және Академия наук Казахской ССР» деген қос тілде жазылған тарихи атау сол күйі сақтаулы. Бұл жазуды алып тастамағанына ғимарат иесіне алғыс айтуға болады. Айтпақшы, осы тұста «қазіргі иесі кім?» деген сұрақ туындайды. Және де сұрақты қайталайық: бұл жаңа сурет өзінің тарихи алдыңғы нұсқаларынан несімен ерекшеленеді?

Егер салыстырмалы түрде алғанда жақында ғана болған тарихи кезеңге көз жүгіртсек, 1996 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында орталық атқарушы орган ретінде «Ғылым министрлігі – ҚР Ұлттық ғылым академиясы» құрылған. Бұл құрылымға Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Ғылым мен жаңа технологиялар министрлігі біріктірілді.

Оған дейін көп ұзамай, бір топ академик «Аргументы и факты» газетінде Үкіметтің іс-әрекеттеріне және елдегі демократияның жоқтығына қатысты өткір сын айтылған «Үнсіз қала алмаймыз» атты мәлімдеме жариялады. Мәлімдеменің соңында олар «Азамат» азаматтық қозғалысын құру ниетітуралы хабарлады. Аталған үндеуге халық жазушыларының, халық әртістерінің, тіпті Үкімет мүшелерінің бірі де қол қойған болатын.

1999 жылға қарай жағдай біршама тұрақталған кезде, Ұлттық ғылым академиясы министрліктен бөлініп шықты. Содан кейін ол республикалық қоғамдық бірлестік (РҚБ) мәртебесіне ие болып, осы нысанда ресми түрде тіркелді.

2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебені қайтарды. Академия «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» атты коммерциялық емес акционерлік қоғам формасында, мемлекет жүз пайыз қатысатын құрылым ретінде қайта құрылды. Осылайша, белгілі бір мағынада екіұдай жағдай қалыптасты: бір жағында — республикалық қоғамдық бірлестік (РҚБ), екінші жағында — мемлекеттік акционерлік қоғам.

Ал 2023 жылы – мемлекеттік акционерлік қоғамға «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» атауы берілді.

Осылайша, біз қазір 2025 жылға да жеттік: 2025 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтті. Жиналыс барысында Академияның өздігінен тарату туралы шешімі бірауыздан қабылданды. Осылайша, Қазақстанда бір ғана ғылым академиясы қалды – мемлекеттік әрі Мемлекет басшысы жанындағы академия.

Мәселе мынада: бұрынғы барлық фотосуреттерде кіреберіс есіктердің алдында ғылым ордасына лайық бірнеше атаулы тақтайшалар тұратын – олардың қатарында осы ғимаратта орналасқан академиялық институттардың да атаулары болды. Ал қазіргі таңда Академияның өз сайтындағы фотосуретте де көрініп тұрғандай, ғимараттың қасбетінде ешқандай тақтайша қалмаған.

Иә, бұндай қайта құрулар мен құрылымдық өзгерістер жағдайында есік алдындағы тақтайшалар жайына қалуы мүмкін екенін түсінеміз. Алайда Академия қазіргі атауын 2023 жылы алғанын, әрі оның қоғамдық қосалқы құрылымының өз-өзін таратуы биылғы мамырда аяқталғанын ескерсек, кем дегенде бір қарапайым атаулы тақтайша дайындап ілуге жеткілікті уақыт өтті деуге болады.
Академик мырзалар, бұлбеделге сай келмейді

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.