Евразия24Арғы беттеЭлита ұғымы неге балағатқа айналды?

Элита ұғымы неге балағатқа айналды?

|

|

«Біз неге өз данышпандарымызды жек көреміз?» — осындай атаумен Рахим Ошақбаевтың YouTube арнасында жарияланған сұхбат қоғамда үлкен резонанс тудырды.

 

« «Элита» сөзі бүгінде балағат ретінде қабылданатын болды. Ал қоғам алтын унитаз орнатқан жаңа байларға қол соғып, шын мәнінде мәдениетті биікке көтеріп жүрген сирек ұлттық дарындарды қорлауға қосылады. Біреулер ұлы Абайдың нақыл сөзі жазылған баннерді жыртып, жалған бренд киімдер киеді. Қазақстан қоғамы тұлғасыз, моральдық бағыт-бағдарсыз қалуда».

Сұхбаттың басты кейіпкеріГүляим Өзіншевская: 27 жыл шетелде өмір сүрген, радикалды оңшыл-консервативтік көзқарастағы қазақ әйелі. YouTubeролик сипаттамасында оның Қазақстандағы қалыптасқан түсініктерге қарсышығып, елге аристократиялық мәдени элита қажет екенін алға тартатыны айтылады. Гүляим мен Рахим сұхбатта элитаны тек байлық пен тектен емес, мәдениет пен жауапкершілікке негізделіп, өнеге бола алатын, қызғаныш тудырмайтын ұлттық бағыттағы жаңа элитаның формуласын іздейді.

Евразия24 пікірі:

Рахым Ошақбаев бастаған ұлттық аристократия жөніндегі әңгіме — еліміздің болашағы үшін аса маңызды және өзекті тақырып. Дегенмен, талқылаудың негізгі мазмұны қазақтың өз болмысын, яғни ұлттық идентичтігін іздеуге келіп тіреледі. Себебі аристократия дегеніміз — кездейсоқ қалыптаса салатын құбылыс емес, ол ғасырлар бойы өсіп-өнетін, терең тарихи және мәдени негізге сүйенетін құрылым. Мұндай құрылым тек ұлттық өзіндік сана мен қалыптасқан рухани топырақта ғана өміршең болмақ.

Қазақстанға жуырда ғана оралған Гүляим Өзіншевская өзінің айтуынша, қызының мектепте жазған шығармасы арқылы өмірге жаңаша қарауға мәжбүр болған. Шығармада: «Әкемиталиян, анамдеймінорыссияқты…, өзім Дубайда туғам — мен кімміндеген жолдар бар. Бұлқазіргі жас ұрпақтың ішінде жүрген терең дағдарысты сипаттайтын ауыр сауал.

Осы тұста біз де осы сұрақты Рахымға және Отанына, өзінің түп тамырына қайта оралған, шетелде өзге тілдік және мәдени ортада жетістікке жеткен кәсіпкер Гүляимға қойғымыз келеді: сіздер кімсіздер? Шынайы қазақсыздарма? Ұлттық элитаға, қазіргі заманғы қазақ аристократиясына жатасыздар ма? Біздің ойымызшаиә. Бірақ бір ескерерлік жайтбұл сұхбат орыс тіліндеөтті. Бұл қазақи болмыстан бас тарту ма, әлде кеңестік кезеңде қалыптасқан және бүгінге дейін сақталған бөлшектенбейтін тарихи-мәдени қабат па?

Тарих көрсеткендей, нағыз аристократияның қалыптасуы ұзақ әрі күрделі жол. Бұл жолда ел қан төккен, тұтас әулеттер жойылған, талай бастар кеткен. Біз де сондай жолдан өтуіміз керек пе? Сұхбатқа қатысушылардың пайымынша, бұл қажеттілік емес. Нағыз ұлттық элитаныяғни мәдениетке, білім мен жауапкершілікке негізделген, қызғаныш емес, құрметке лайықзаманауи қазақ аристократиясынсаналы түрде, бейбіт жолмен қалыптастыруға болады. Бірақ бұл қалай жүзеге асады?

Сұхбаттың шарықтау шегінде жүргізуші: «Қазіргі элитаның арасында үлгі етіп көрсетуге болатындай тұлға бар мадеген сұрақ қойды. Алайда нақты жауап болмады, әңгіме басқа арнаға ауысты. Шынымен де… бұған не деуге болады?

Әңгіме барысында айтылған сауалға не деп жауап беруге болады: ескі Қазақстанның жемқорлықпен байыған элитасы сурет сатып алып, өнерге қызыққан. Ал жаңа элита болса, керісінше, тағы да барды шетелге әкетуге асығып отыр. Біз қайтадан «алғашқы капитал жинау» кезеңіне түсіп кеткендейміз.

Біздің пікірімізге, Ұлттық банк басшылығында отырғандаршын мәнінде, элита. Білімі бар, лауазымы жоғары, ой-санасы биік, материалдық жағдайы мықты. Бұрынғы басшылар да сондай еді. Бірақ соған қарамастан, ұлттық валюта өз құнын жоғалтып барады: 113 есе құнсызданған теңге нақты экономикада ықпалды құрал бола алмауда. Қазақстанда теңге өнеркәсіпке несие беру мен инвестициялауға жарамсыз күйде қалып отыр. Ал шетелде мүлде жүрмейді.

Элиталар да, мемлекеттер сияқты, әртүрлі болады. «Экспортқа» бағытталған экономикаға компрадорлық элиталар керекяғни, өз байлығын сыртқа шығаратын, шетелдік мүддеге қызмет ететін элиталар. Ал шынайы ұлттық даму үшін мұндай көзқарасты ең алдымен өз ішімізден жеңу керек. Яғни, өз қызметінде отырған әрбір адамнақты жауапкершілікпен, елге адалдықпен әрекет етуі тиіс.

Тәуелсіздік – декларация ғана емес, ішкі рухани және экономикалық тұғыр. Ал ұлттық болмыс – тек тіл мен тарих емес, ол нақты күнделікті шешімдердекөрінеді: біз кімбіз және қайда бет алып барамыз?

Жаһандық гибрид соғыс жағдайында «бізкімбіздеген сұраққа нақтыжауап қажет. Қазақтар мен қазақстандықтар әлемдік өзгерістер ішінде өзініңорнын анықтауы тиіс. Барлық өзгеріс ең алдымен адамның өзінен басталуға тиіс. Сол себепті, Рахым мен Гүләйім көтеріп отырған бастама – аса маңызды әрі дер кезінде айтылған қадам. Оларға сәттілік тілейміз!

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ержан Ашықбаев СІМ басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Ашықбаевты Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындады.

Еуропада газ тұтыну күрт артты: қоймадағы қор мерзімінен бұрын жұмсалуда

Өткен аптада Еуропадағы газ операторлары жұмыс күндерінің басым бөлігінде (сейсенбіден бейсенбіге дейін) жерасты қоймаларынан газды көбірек тұтынған. Бұл жөнінде Gas Infrastructure Europe ұйымы хабарлады. Атап айтқанда, 7, 8 және 9 қазан күндері қоймалардан алынған газ көлемі енгізілген мөлшерден асып түскен. Осы күндері өңірде ауа райы былтырғыға қарағанда әлдеқайда суық болған.

ХАМАС алғашқы израильдік тұтқындарды босатты

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең ХАМАС қозғалысы алғашқы жеті израильдік тұтқынды Қызыл Крест ұйымына тапсырған. Босатылғандар арасында Матан Ангрест, Гали және Зив Берман ағайындылары, Алон Охель, Эйтан Мор, Омри Миран және Гай Гильбоа-Даллал бар екені хабарланды.

ЕАЭО аясында ұлттық мүдде қорғалды

Мәжіліс депутаттары мен Үкімет мүшелерінің ЕАЭО шеңберінде Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауға бағытталған шұғыл әрекеті – тағы бір маңызды жетістік. Бұл – ұжымдық жұмыстың нәтижесі ғана емес, мемлекеттің қалай әрекет етуі қажет екенін көрсететін нақты мысал.