Евразия24Арғы беттеҚазақстандағы байлық кімнің қолында?

Қазақстандағы байлық кімнің қолында?

|

|

Қазақстанда қазіргі уақытта 44 мың долларлық миллионер бар, ал халықтың 0,2 пайызы ел байлығының үштен екісін иемденіп отыр. Біздің экономикамыз терең құрылымдық теңгерімсіздікке тап болды. Мұның негізгі себебі – кезінде саяси элитаның табыстарды қоғам мүддесіне емес, өз пайдасына қарай бөлу туралы қабылдаған шешімі. Қазақстанда жүйелі өнеркәсіп саясаты жоқ. Ресей рублінің ел ішіндегі айналымы 2021 жылменсалыстырғанда он есе артты. Біз қазір рубль аймағында болмасақ та, соған өте жақын тұрмыз.

Бұл – экономист Рахымбек Әбдірахмановтың сұхбатында айтылған негізгі тұжырымдар.

Евразия24 пікірі:

Көңіл көтерерлік болмаса да, ерекше маңызды әрі ақпаратқа қанық сұхбат. Бұл сұхбат Қазақстан мен әлем бастан өткеріп жатқан тарихи бетбұрыстың күрделілігі мен ауқымын көрсетеді. Алайда еліміз үшін Кеңес Одағының ыдырауынан кейінгі келесі тағдыршешті кезеңнің кейбір маңызды тұстары сұхбатта мүлде қозғалмаған. Мүмкін, оны екі тарап та байқаған жоқ.Талқылауға қатысушылардың көзқарастары ұқсас: журналист – сын тұрғысынан Батысты қолдайтын, ресейлік энергетика мен инфрақұрылымға қарсы, ал экономист – әзірге тәжірибесі аз болса да, жоғары кәсіби дайындықпен ерекшеленетін маман. Екеуі де батысшыл бағыттағы ұстанымдарымен сипатталады. Шынында да, сынға ұшыраған экономикалық модель өз шегіне жетіп отыр. Сонымен бірге елдегі ресейлік рубльдің, ресейлік инвестиция мен импорттың үлесі артып келеді. Мәселе мынада: қазіргі «экспортқа бағытталған» экономикалық модельді бұрыңғы ғасырдыңсаяси элитасы өз бетімен таңдаған жоқ. Бұл жүйе Қазақстан билігіне сырттан ұсынылды – табиғи ресурстар мен шетелдік инвестициялардан түсетін табысты сыртқа шығаруға рұқсат берілгенімен, жергілікті элитаның үлес алуына мүмкіндік жасалды. Осылайша елде компрадорлық (сыртқы күштерге тәуелді) басқару жүйесі қалыптасты. Сондықтан Қазақстандағы 44 мың долларлық миллионер – тек жемқорлықтың жемісі емес. Иә, жемқорлықдеңгейі жоғары, кейбір дәулетті азаматтардың байлығы сонымен байланыстыболуы мүмкін. Бірақ жалпы алғанда, бұл санатэкспорттық экономикағакіріктірілген басқару, бизнес және гуманитарлық элитаның бір бөлігі. Жемқорлықмұндай модельдің тікелей көзі емес, оның ілеспе құбылысы.Сұхбатта айтылған тұжырымдарды нақты талдау және себеп-салдарбайланысын дұрыс бағамдауеліміздің алдағы дамуына қажетті қадам. Неоколониалдық тәуелділіктен арылу үшін Қазақстан ішкі және сыртқыжағдайларды жан-жақты саралап, жаңа тұжырымдарға келуі тиіс.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жапония Қытайдың әскери ұшағының әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірді

Жапония үкіметі Қытай тарапына наразылық білдірді. Бұған Қытайдың әскери ұшағы Жапонияның Окинава аралы маңында жапондық F-15 жойғыштарына радарын бағыттағаны себеп болды, деп хабарлайды жексенбі күні Associated Press (AP) агенттігі.

Индонезияның шығысында 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Индонезияның шығыс бөлігіндегі Банда теңізі аумағында жексенбі күні 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Ресей ғылым академиясы Біріккен геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы.

Трамптың Венесуэлаға қатысты әрекеттері аралық сайлауға кері әсер етуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамптың есірткі тасымалдауға қатысы бар делінген кемелерге соққы беруі және Венесуэлаға қарсы құрлықтағы әскери операция жүргізу туралы мәлімдемесі республикалық партияның кейбір өкілдері арасында алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды The Washington Post.

Макрон, Стармер және Мерц дүйсенбі күні Лондонда АҚШ пен Украина өкілдерінің келіссөздерін талқыламақ

Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Германия канцлері Фридрих Мерц дүйсенбі күні Лондонда кездесіп, АҚШ пен Украина өкілдерінің Майамидегі келіссөздерінің нәтижелерін ескере отырып, Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі бірлескен іс-қимылды үйлестіруді жоспарлап отыр.