Александр КНЯЗЕВ
Материалы
Орталық Азиядағы үлкен шахмат
Қазір Әзербайжанда Ресейге қарсы бағытталған саяси жобаның белгілері айқындала бастады. Мұндай жоба кезінде Украинада жүзеге асырылып, оның қазіргі ауыр ахуалына алып келді. Ұқсас үрдістер Молдова мен Арменияда да байқалуда. Әзербайжан қазіргі таңда Украина басынан өткерген кезеңге барынша жақындап қалды. Және менің ойымша, Ресеймен бұрынғы сенімге негізделген қарым-қатынасқа оралу мүмкін емес секілді. Иә, ынтымақтастықтың жекелеген түрлері сақталуы мүмкін — кезінде Украинамен де мұнай мен газ тасымалы жалғасып тұрды ғой. Алайда Әзербайжанның Ресей үшін ұзақ уақыт бойы достыққа жат ел ретінде қалып қою ықтималдығы жоғары екенін жоққа шығаруға болмайды.