Дәурен Уәлиев
Материалы
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі
Тайға таңба басқандай нақты жазылып, жақсы түсіндірілген әділ және көпшілік мақұлдаған заңдардың арқасында, қазақ рулары, кәсіпкерлер мен жеке азаматтар дау-дамайлы жағдайларға ұшырамайтын болды. Пара алмайтын халық соттары – Билер кез-келген жағдайды қатаң түрде заң бойынша шешті, әділ шешкені сонша, риза болған халық олардың атын аңызға қоса бастады. Қату қабақ барымташылар тағайындалған жазаның бұлжымай орындалуын қамтамасыз етті.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы
Сыртқа жаппай жүн сату (экспорт) мақсатында Мәңгі Ел Үкіметі, бірінші кезекте, ең жақын көрші Солтүстік Қытайдың халық тығыз орналасқан аймақтарын нысанаға алды. Алайда, Федерацияның бұл бағыттағы жоспарлары қандай үлкен болса, ол жоспарларды жүзеге асыру жолындағы қиындықтар да сондай үлкен болды.
13-ғасырдың басында Қытай ондаған ірі княздік-мемлекеттерден тұрды, ол мемлекеттер салық төлейтін халық, жер және су ресурстары үшін үнемі өзара жауласып отырды. Қоластындағы жер ғана емес, онда тұратын адамдар да билеуші-князьдардың басыбайлы меншігі болғандықтан, билеушілер оларды малша жұмысқа жегіп, бар ақшасын алым-салыққа сыпырып алып, байлыққа батты.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі
Сыртқы нарықта Үлкен жүк көлігінсіз Үлкен сауда болуы мүмкін емес. Бүгінде әлемдік экономика жыл сайын шығаратын 20 миллиард тонна өнімді сыртқы нарыққа жеткізіп, сату үшін, Үлкен Сауда 70 мыңнан астам жүк кемелерін, 17 миллион жүк тиейтін теміржол вагондарын және 27 миллион ауыр жүкке арналған тіркемелерді тартатын жүк автомобильдерін пайдаланады. Ұзақ жолға жарамды жүк көлігі бар, ауа райы алуан түрлі аймақтар мен ойлы-қырлы жерлермен алыс-алыс жол шалуға дағдыланған халық қана өндіруші мен сатып алушының арасын жалғап, халықаралық сауданы ұйымдастыра алады.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты
Федерация құрылғанға дейін сүт, ет, жүн сияқты өнімдерді, сонымен қатар, күнкөріске ең қажет деген тұрмыстық заттарды ғана берген табиғи шаруашылық экономикасы бар мүмкіндігін сарқып, өзінің шегіне жетті. Көршілес хандықтардың бәрі біркелкі өнім шығарғандықтан, көшпелі рулар арасында сауда-саттық болған жоқ, демек, өздеріне жетерлік мөлшерден артық өнім өндірудің де еш қажеттігі жоқ еді. Мәңгі Ел тұрғындарын байыта түсудің бір ғана жолы бар еді, ол – мал шаруашылығы өнімдерін неғұрлым көбірек өндіріп, экспортқа, яғни, ондай өнімдерге жаппай сұраныс бар басқа елдерге шығарып сату. Ал, ондай сұраныс тек егіншілікпен айналысатын алыстағы отырықшы халықтардың сыртқы нарығында ғана болады.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары
Алаңсыз жұмысқа кіріссін деп, Құрылтайшылар Жеңіске жап-жаңа 2 ақ шаңқан киіз үй берді – кішірегін тұрғын үй, үлкенін кеңсе қылды, алдын-ала айлық, жақсы киім мен қара түсті шетелдік тұлпар, қымбат ат әбзелін тартты. Кезінде бір рулы елді басқарған Хан баласының қамсыз-мұңсыз өмірден қоғамның ең төменгі сатысы – құлдық пен жалшылыққа құлдырауы, қаншама рет өз ісімен айналысып, кедейліктен құтылмақ болғаны, несие берушілермен бітпейтін қаржылық қақтығысқа барып, келіссөз жүргізгені – осынау ауыр сынақ Жеңіске тәжірибе жүзінде ең жоғарғы заңгерлік және экономикалық білім берген тамаша өмірлік Университет болған еді!
Еще от автора
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ
Қазақтардың Жаппай Қоныс аударуы қызған шақта, яки, 1235-жылы өткен Мәңгі Ел Құрылтайында Еуропаны бағындыру мақсатындағы әйгілі Батыс Жорығы туралы шешім қабылданды. Көркем әдебиетте бұл туралы: Жеңіс Хан көзі тірісінде «соңғы теңізге жорыққа шығуды» армандаған, қайтыс болған соң, ұрпақтары оның сол арманын орындағысы келіп, әлгі жорыққа аттанған... дегендей мәнде жазылады, сол орайда небір романтикалық ертегілер де шығарылады.
Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР
«Татар-моңғол езгісі» терминіндегі «моңғол» ұғымының анығына жеткендіктен, бірден «татарлар» ұғымын да қарастыруымыз қажет. Бұнда да небір қызықтарды ұшыратамыз.баршамызға белгілі, 5-ші ғасырда құл иеленуші Рим Империясы Еділ патша (Аттила) бастаған ғұндардың сұрапыл шапқыншылығынан күйреді. Сөйтіп, Еуропада анағұрлым озық феодалдық құрылысқа негізделген, кейін заманауи еуропалық елдерге үлгі болған көптеген қоғамдар пайда болды.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ
Бразил-ия немесе Итал-ия деген сияқты, орыстар бұрмалап, «Монғол-ия» деп атап кеткен Мәңгі Елдегі қазақ руларының ескі жұртына (яғни, босап қаған жерлерге) біртіндеп тегі мен тілдік тобы жағынан тұңғыстар мен буряттарға жақын оңтүстік Сібірдің шағын халха, чахар және ойрат тайпалары қоныстанды. Әлемнің әр түкпірінен ұлан-ғайыр Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарына көшіп барған жүздеген ұлт өкілдерін «америкалықтар» деп атайтынымыз сияқты, олар да тұрғылықты жер атауы бойынша «моңғолдар» деген жаңа есімді еншіледі.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қалқадағы шайқас. Жазалау операциясы
Сыртқы Барлау тыңшылары қайғылы жағдайды дереу Орталыққа хабарлады. Сөйтіп, бүкіл Мәңгі Ел Әскері Елшілік дипломаттарының залымдықпен өлтірілгенін естіп білді. Айбарлы командирлер мен тәжірибелі жауынгерлер Русьті бейбітшілікке мәжбүрлеу Операциясына сұранып, Әскердің Бас Штабы Ортаға ұжымдық өтініштер жолдады. Олар енді оны Жазалау Операциясы деп атады!




