Дәурен Уәлиев
Материалы
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?
Құрметті оқырман, кеңестік, қытай және моңғол тарихшыларының Жеңіс «билікті қарулы күшпен басып алды, төңірегіндегі халықтардың барлығын қатігездікпен бағындырды» деген ресми мәліметі бірінен бірі айнығысыз «қызыл қырғын» мен «тап күресін» жүргізген коммунистік көсемдер Ленин, Мао Цзэдун және Чойбалсанның ондаған миллион өз елінің, шетелдің азаматтарын өлтіріп, қантөгіспен билікке келу әдістеріне қатты ұқсайтынына келісетін шығарсыздар? Осы елдердің тарихшылары Жеңістің билікке келуі туралы ертегіні бір-бірінен көшіріп, оны өздерінің Коммунистік партияларының «Кедейлер билікті күшпен алады!» деген сүйікті ұранына сайдырып, тарих аясын тарылтқан. Осы соқа басын сүйреткен қаңғыбастың билікті күшпен тартып алуы таңғажайып болып көрінбей ме сіздерге?
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қаһарымен әлемді тітіреткен әмірші есімінің тәпсірі
Отандастар, заманауи географиялық карталардың бәрінде біздің қазақ пен қырғызға ортақ тауларымыз қытайдың «Тянь-Шань» деген сөзімен аталатындығы сіздерді таңқалдырмай ма? Бұндай келеңсіздік Ресей Бас штабының Сыртқы барлау қызметінің офицері Петр Семеновтің қитұрқы іс-әрекетінің салдарынан болды деп ойлаймын. Ол өз мамандығын меңгеру кезінде-ақ неміс географы Александр фон Гумбольдтің «Орталық Азия» атты 3 томдық басылымын орыс тіліне аударып, келешекте Британ және Орыс империяларының геосаяси бақталастығы аумағына айналатын осы маңызды аймақ, яки, Орталық Азия туралы көп білетін сарапшы маман саналған.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік
Шетелдіктер Қазақстанның әдемі туында не бейнеленгенін сұрағанда, отандастарымыз оларға әр түрлі жауап береді: біреулері «Күн мен Бүркіт» десе, көзі өткірлеу екіншілері «Күн, Бүркіт және қазақ Оюы» дейді. Шынтуайтында, Күн де, Бүркіт те, Ою да көк туымызда ҚАЗАҚТЫҢ МӘҢГІ КӨК АСПАНЫ бейнеленгенін анық байқатып тұрғаны қазақстандықтардың басым көпшілігінің қаперіне де кірмей ме деп қорқам! Ендеше көшпенділердің КӨКТІ ерекше құрметтеуінің себебін анықтап көрейікші.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы
Ең үлкен қазақ руының басшысы «Найманстан» деген атауды ептеп тығып жібермек еді, оның бұл әрекетін басқа Құрылтайшылар наразылықпен тыйып тастады; осы жайттан кейін баршасы арада өкпе-реніш болмауы үшін, Федерацияның атауы Одаққа мүше-рулардың ешқайсысының атауына ұқсамауы керектігін түсінді. Сөйтіп, әйгілі халық аңыз-ертегішілері, ақындары мен жырауларына арнайы шақырту жіберіп, кешке қарай Құрылтайшылар жиналысына алдырды. Одаққа ең лайық атау ойлап тапқанның жүлдесіне күміс тайтұяқ тікті. Бірақ, келгендерге осы істі тез арада, кешкі тамақтан қалдырмай тындыруды өтініп, қолқа салды.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Неліктен бешпармақты ыстықтай жейді?
Тамақты барынша ыстық күйінде сақтауға тырысып, отанасы бешпармақ салынған табаққа еселеп ыстық тұздық құйып отырады. Қазақ әйелінің адам құсап елмен бірге отырып тамақ ішудің орнына, үнемі асүйге жүгіріп, ыстық тұздық таситын әдетін бәріміз білеміз. Қорыта айтқанда, бешпармақ – дәстүрге сай ыстықтай желінетін ас, оны қолмен жеген ерсілеу, өйткені, ол ыстық, қолды күйдіреді әрі майлы! Әрине, бешпармақты әбден суыған кезде қолмен де жеуге болады, бірақ, мен сыйлы қонақтарға суып қалған бешпармақ тартқанын көрген емеспін. Ондайды сіздер де көрмегендеріңізге сенімдімін!
Еще от автора
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ
Қазақтардың Жаппай Қоныс аударуы қызған шақта, яки, 1235-жылы өткен Мәңгі Ел Құрылтайында Еуропаны бағындыру мақсатындағы әйгілі Батыс Жорығы туралы шешім қабылданды. Көркем әдебиетте бұл туралы: Жеңіс Хан көзі тірісінде «соңғы теңізге жорыққа шығуды» армандаған, қайтыс болған соң, ұрпақтары оның сол арманын орындағысы келіп, әлгі жорыққа аттанған... дегендей мәнде жазылады, сол орайда небір романтикалық ертегілер де шығарылады.
Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР
«Татар-моңғол езгісі» терминіндегі «моңғол» ұғымының анығына жеткендіктен, бірден «татарлар» ұғымын да қарастыруымыз қажет. Бұнда да небір қызықтарды ұшыратамыз.баршамызға белгілі, 5-ші ғасырда құл иеленуші Рим Империясы Еділ патша (Аттила) бастаған ғұндардың сұрапыл шапқыншылығынан күйреді. Сөйтіп, Еуропада анағұрлым озық феодалдық құрылысқа негізделген, кейін заманауи еуропалық елдерге үлгі болған көптеген қоғамдар пайда болды.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ
Бразил-ия немесе Итал-ия деген сияқты, орыстар бұрмалап, «Монғол-ия» деп атап кеткен Мәңгі Елдегі қазақ руларының ескі жұртына (яғни, босап қаған жерлерге) біртіндеп тегі мен тілдік тобы жағынан тұңғыстар мен буряттарға жақын оңтүстік Сібірдің шағын халха, чахар және ойрат тайпалары қоныстанды. Әлемнің әр түкпірінен ұлан-ғайыр Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарына көшіп барған жүздеген ұлт өкілдерін «америкалықтар» деп атайтынымыз сияқты, олар да тұрғылықты жер атауы бойынша «моңғолдар» деген жаңа есімді еншіледі.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қалқадағы шайқас. Жазалау операциясы
Сыртқы Барлау тыңшылары қайғылы жағдайды дереу Орталыққа хабарлады. Сөйтіп, бүкіл Мәңгі Ел Әскері Елшілік дипломаттарының залымдықпен өлтірілгенін естіп білді. Айбарлы командирлер мен тәжірибелі жауынгерлер Русьті бейбітшілікке мәжбүрлеу Операциясына сұранып, Әскердің Бас Штабы Ортаға ұжымдық өтініштер жолдады. Олар енді оны Жазалау Операциясы деп атады!




