Дәурен Уәлиев
Материалы
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме
Онымен қоймай, қазақтар ұлты басқа қонақтарының алдына бешпармақ қойып жатып, міндетті түрде оларға осы мағлұматты төл мәдениетіміздің қызықты дерегі ретінде айтады. Сосын ата-бабаларының ыстық тамақты жалаң қолмен жеген жабайылау әдеті үшін ақталғандай, іле-шала қонақтарына қолмен жеген әлдеқайда дәмдірек екенін түсіндіріп әлек болады!
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы
Көріп отырғанымыздай, Үлкен Саясат өзінің идеологиясына ыңғайлап, тарихи шежірелердің мәтіндерін, мектеп оқулықтары мен кинофильмдердің мазмұнын түзеп-күзегенімен қоймай, ұлттық тағамдарға да шімірікпестен араласып отырған! Демек, аяусыз өшіріліп, халықтан әдейі жасырылған үлкен тарихи процестердің іздері түркілердің аспаздық дәстүрінен да табылып қалуы мүмкін деп қауіптеніп, қатты қорыққан.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы
Көшіп-қонған адаммен бірге оның тұқымы ғана емес, тілі де таралады. «Генетикалық География» жобасы қолға алынғаннан көп бұрын, Жер бетіндегі барша адамдардың туыстығы туралы ой біздің сүйікті ақынымыз әрі ойшыл Олжас Сүлейменовтың лингвистикалық еңбектерінде айтылған болатын. Өзінің «Сөз коды» және «Мың бір сөз» атты зерттеу кітаптарында ол бұны түрлі әлем халықтары тілдеріндегі сөздердің ұқсастығы арқылы нанымды көрсетіп берді.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына 30 жыл толса да, халқымыз өзінің терең тарихына әлі де бойлай алмай, үстірт қана шалып жүргенін мойындау керек. Еліміздегі мектеп оқулықтары мен академиялық еңбектерді оқығанда, біз тым шектеулі білімді қанағат етуге мәжбүрміз, оның өзі – ғалымдарымыз бөтен тарихнамалардан рұқсат етілген дәрежеде үзіп-жұлып жиған мардымсыз мағлұматтар.
Еще от автора
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ
Қазақтардың Жаппай Қоныс аударуы қызған шақта, яки, 1235-жылы өткен Мәңгі Ел Құрылтайында Еуропаны бағындыру мақсатындағы әйгілі Батыс Жорығы туралы шешім қабылданды. Көркем әдебиетте бұл туралы: Жеңіс Хан көзі тірісінде «соңғы теңізге жорыққа шығуды» армандаған, қайтыс болған соң, ұрпақтары оның сол арманын орындағысы келіп, әлгі жорыққа аттанған... дегендей мәнде жазылады, сол орайда небір романтикалық ертегілер де шығарылады.
Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР
«Татар-моңғол езгісі» терминіндегі «моңғол» ұғымының анығына жеткендіктен, бірден «татарлар» ұғымын да қарастыруымыз қажет. Бұнда да небір қызықтарды ұшыратамыз.баршамызға белгілі, 5-ші ғасырда құл иеленуші Рим Империясы Еділ патша (Аттила) бастаған ғұндардың сұрапыл шапқыншылығынан күйреді. Сөйтіп, Еуропада анағұрлым озық феодалдық құрылысқа негізделген, кейін заманауи еуропалық елдерге үлгі болған көптеген қоғамдар пайда болды.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ
Бразил-ия немесе Итал-ия деген сияқты, орыстар бұрмалап, «Монғол-ия» деп атап кеткен Мәңгі Елдегі қазақ руларының ескі жұртына (яғни, босап қаған жерлерге) біртіндеп тегі мен тілдік тобы жағынан тұңғыстар мен буряттарға жақын оңтүстік Сібірдің шағын халха, чахар және ойрат тайпалары қоныстанды. Әлемнің әр түкпірінен ұлан-ғайыр Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарына көшіп барған жүздеген ұлт өкілдерін «америкалықтар» деп атайтынымыз сияқты, олар да тұрғылықты жер атауы бойынша «моңғолдар» деген жаңа есімді еншіледі.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қалқадағы шайқас. Жазалау операциясы
Сыртқы Барлау тыңшылары қайғылы жағдайды дереу Орталыққа хабарлады. Сөйтіп, бүкіл Мәңгі Ел Әскері Елшілік дипломаттарының залымдықпен өлтірілгенін естіп білді. Айбарлы командирлер мен тәжірибелі жауынгерлер Русьті бейбітшілікке мәжбүрлеу Операциясына сұранып, Әскердің Бас Штабы Ортаға ұжымдық өтініштер жолдады. Олар енді оны Жазалау Операциясы деп атады!




