ХАМАС қозғалысы АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторына арналған бейбіт жоспары бойынша халықаралық бақылау аясында қарудан бас тартуға дайын екендігі туралы хабарламаларды жоққа шығарды.
Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) Құрлық әскерІ қолбасшысы Мохаммад Пакпур Парсы шығанағындағы аралдарда орналасқан КСИР-дің әскери-теңіз күштері (ӘТК) бөлімшелерін тексеру барысында олардың жауынгерлік дайындық деңгейін жоғары бағалады.
АҚШ-тың негізгі қор индекстері жұма күні сауда сессиясын әртүрлі бағытта аяқтады. Бұл АҚШ үкіметінің жұмысы үшінші күн қатарынан тоқтап тұрған жағдайда орын алды.
Жапонияның Nikkei 225 қор индексі көрсеткіші дүйсенбі күнгі сауда-саттық барысында жаңа деңгейге жетті. Бұған Жапонияның бұрынғы ішкі істер министрі Санаэ Такаидзидің елдің билеуші Либерал-демократиялық партиясы (ЛДП) төрағасы сайлауындағы жеңісі себеп болды.