Венесуэланың сыртқы істер министрі Иван Хиль Каракасқа келгеннен кейін көп ұзамай АҚШ-тың елшісі Лора Догумен кездесу өткізді, деп хабарлайды EFE агенттігі.
Иранның барлау мақсатындағы ұшқышсыз ұшу аппараты жексенбі күні Оман шығанағының үстінде ұзақ уақыт бойы ұшқан. Бұл Flightradar24 авиациялық ресурсының деректерінен белгілі болды.
Элиталық білім беру саласындағы «жабық есік» жағдайы Алматыдағы QSI халықаралық мектебінде орын алған келеңсіз оқиғаға дейін көпшілік назарынан тыс қалып келген. Аталған мектепте оқушы қыздың жүйелі түрде жасалған буллинг салдарынан өз өміріне қол жұмсамақ болғаны қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл қасіретті жағдай, сондай-ақ мектеп әкімшілігінің қорлық туралы шағымдарға дер кезінде назар аудармауы және басшылықтың ата-аналармен кері байланыс орнатпауы туралы белгілі бизнесмен Қанат Амиркин мәлімдеді. Оқиғадан кейін бір тәулік ішінде Алматы қаласының полициясы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, ал білім басқармасы мән-жайды анықтау үшін арнайы мониторингтік топ құрды.
Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.