Австралияның Резервтік банкі (RBA) қатарынан екінші отырысының қорытындысы бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемені жылдық 4,35% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.
АҚШ президенті Дональд Трамп балаларға ұсынылатын вакциналар санын 18-ден 11-ге дейін қысқартуды көздейтін жарлыққа қол қойды. Бұл туралы сейсенбі күні Ақ үй хабарлады.
Алматыда өткен «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумының қорытындысы бойынша 10 құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор нарықтары жұма күнгі сауданы әртүрлі бағытта аяқтады. Қытайдың құрлықтық бөлігіндегі және Оңтүстік Кореядағы биржалар мемлекеттік мерекелерге байланысты жұмыс істемеді.
Ресейдің тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы, Ресей президентінің шет елдермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ президентінің өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен келіссөзді жалғастырып жатыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысындағы жүгеріні терең өңдейтін өнеркәсіптік парк құрылысының басталуына қатысты, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.