Евразия24МәдениетАлматы ерекше шоуға дайындалуда: Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Qustar» аңызы жаңғырады

Алматы ерекше шоуға дайындалуда: Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Qustar» аңызы жаңғырады

|

|

16 және 17 қыркүйекте Алматыдағы Республика сарайында ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мультимедиялық шоудың әлемдік премьерасы өтеді.

 «Qustar» – жай концерт емес, Нұрғиса Тілендиевтің музыкалық мұрасы негізінде жасалған және қазақ классиктерінің нақыл сөздеріне толы эксклюзивті бағдарлама. Көрермен қауымды халық аспаптары заманауи симфониялық дыбыстармен тоғысқан, ал көрнекі бейнелер бостандық пен қайрат нышаны туралы сыр шертетін 55 минуттық музыка, жарық және қозғалыс әлемін танытатын ерекше әсер күтеді.

«Qustar» қазақтың көрнекті композиторы Нұрғиса Тілендиев туралы емес, оның құрметіне арналған жоба. Бұл – біздің көрерменге, әсіресе, жас ұрпаққа жаңа бағдар беру жолындағы талпынысымыз. Сондай-ақ ол канадалық композитор Дмитрий Вареластың музыкасы, Symphony Orchestra of India (SOI) Mumbai дыбыстары, пластикалық және бейнелеу театрының пионері Анна Верденің режиссурасы және хореографиясы, Марат Бисенғалиевтің виртуоздық скрипкасы, хор орындауындағы ғажайып үйлесім және дәстүрлі аспаптарда Абзал Арықбаев пен Анар Қасымованың шебер орындаулары үйлесім тапқан тамаша туынды.

Біз жобаны мемлекеттік қолдаусыз өз бастамамызбен жүзеге асырып жатырмыз және идеямызды жүзеге асыруға мүмкіндік берген, сонымен қатар бағдарламаны әзірлеуде жұмыстарды пайдалануға мүмкіндік берген сенімі мен қызығушылығы үшін Нұрғиса Тілендиевтің қызы – Дінзухраға шын жүректен алғыс айтамыз.
«Qustar» бағдарламасымен бірге біз көрермен қабылдау және қиял арқылы жобаның шығармашылық тобы күш салған мағыналарды сезіне алатын музыкалық терапия сеансының түрін жасағымыз келеді. Егер нәтижеге жетсек, қуанамыз, болмаса, ең бастысы, көрермен ләззат алса жеткілікті», –
деп атап өтті жобаның бас продюсері Қайрат Құлбаев.

pastedGraphic.png
Жобаның бас продюсері – Қайрат Құлбаев

Айта кету керек, биыл 20 жылдығын атап өтіп жатқан Symphony Orchestra of India Алматыдағы премьераға алғаш рет келмек. Оның негізін қалаған әйгілі скрипкашы-виртуоз, Қазақстанның ізгі ниет елшісі Марат Бисенғалиев. «Әрине, Нұрғиса Тілендиев – нағыз аңыз. Мен бала кезімде әкеммен бірге оның көптеген концертіне қатыстым, әкем оны ерекше жақсы көретін. Кейін Нұрғиса Атабайұлымен жеке жүздесіп, оның қызы Дінзухрамен де танысу бақыты бұйырды, кейін біз бірге ізгі ниет елшісі атағын алғанбыз. Бұдан бөлек, бұл – Үндістан симфониялық оркестрінің Алматыдағы алғашқы концерті, әрі бағдарлама жазбасына да, осындай үлкен премьераға қатысуға да қолдау көрсеткені үшін мен ерекше ризамын. Мұндай жобада жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе. Қайрат Құлбаевпен жасаған жұмысымыздың барлығы да үлкен жетістік болды: «Дыбыс энергиясы» мен «Мистер Адам», «Құстар» бір топта болады. Дайындық өте жарқын, бәрі оңай емес, әрине, бірақ нәтиже анық болатынына толық сенімдімін. Халықаралық мамандар тобымен жұмыс істеуден де үлкен үміт күтіп отырмын. Олар ең қызықты идеяларымен келеді, бұл шынымен ерекше дүние болмақ, сондықтан да мен үлкен ынтамен күтіп жүрмін», – деді жобаның көркемдік жетекшісі.

pastedGraphic_1.png

Сонымен қатар «Qustar» жобасы жалғасады: альбом жазылып,  студиялық жұмыс аяқталды және ол жақында танымал цифрлық платформаларда жарық көреді деп күтілуде. Одан бөлек ұйымдастырушылар винил альбомын шығаруды, сондай-ақ әлемнің бірнеше еліне гастрольдік сапармен шығуды жоспарлап отыр.

Қазақстанда жобаны қолдау мақсатында ұйымдастырушылар қазақстандық танымал мекемелермен, брендтермен және селебритилермен гастрономиялық әрі fashion-коллаборациялар дайындап жатыр.

БАҚ-ты аккредиттеу мерзімі алдын ала хабарланады. Қолдау мен хабарландыру үшін шын жүректен алғыс айтамыз.

 

Материал «Qustar» жобасының баспасөз қызметі дайындады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты келісімнің іске асырылуын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Венесуэла қауіпсіздік саласындағы тәжірибесімен көршілес елдермен бөлісуге дайын

Венесуэла президенті Николас Мадуро аймақтағы қылмыстық топтарға қарсы күрес жүргізу мақсатында көршілес мемлекеттерге азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен операциялар өткізуге ұсыныс жасады.

АҚШ пен Украина арасындағы екі күндік келіссөздер айтарлықтай нәтиже бермеді

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Украина Қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров және Украина Қарулы күштері Бас штабының бастығы Андрей Гнатовпен Майамиде өткен екі күндік келіссөздері айтарлықтай нәтиже әкелген жоқ, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Сеулде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жаңа стратегиясындағы Оңтүстік Кореяның рөліне алаңдаушылық білдірілді

АҚШ-тың жаңартылған ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігі мен аймақтық рөлінің жеткілікті түрде ескерілмеуі Сеулде алаңдаушылық туғызуда, деп хабарлайды сенбі күні Ренхап агенттігі.