Ресей СІМ ТМД елдері жөніндегі бірінші департаментінің Еуразиялық экономикалық интеграция бөлімі хабарлағандай: «2025 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,6%-ға артты. Өсім Одаққа мүше елдердің басым бөлігінде тіркелді: Қырғызстанда – 10,6%, Қазақстанда – 7,5%, Арменияда – 0,5%, ал Ресейде – 1,3%. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 3,4%-ға ұлғайды».
Еуразия24 пікірі:
Айта кету керек, Қазақстандағы бұл өсім технологиялық серпіннен гөрі ресурстық және инвестициялық сипатқа көбірек ие. Өйткені ол негізінен тау-кен металлургия кешеніндегі (мыс, уран, ферроқорытпа) бірқатар жобаларды іске қосу және кеңейту, 2023–2024 жылдардағы техникалық үзілістерден кейін мұнай өндіру көлемінің жандануымен, сондай-ақ инфрақұрылымға бағытталған ауқымды мемлекеттік инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді. Бұған қоса, 2022 жылғы геосаяси өзгерістерден кейін Қазақстан белгілі бір деңгейде аралық өндірістік-логистикалық торап рөлін атқара бастады, соның нәтижесінде кейбір тауар түрлері ел аумағында ішінара ел аумағында өндіріле бастады. Одақтың өзге елдерінде де өнеркәсіп өсімі көбіне өндірісті ішкі және өңірлік нарық сұранысына бейімдеу есебінен байқалды. Жалпы алғанда, өнеркәсіптің баяу өсімі санкциялық жағдайдағы ішінара импортты алмастыру үдерістерімен, ЕАЭО экономикасындағы Ресей факторының ықпалымен, сондай-ақ жеткізу тізбектерінің қайта құрылуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар барлық елдерде бюджет тарапынан ынталандыру маңызды рөл атқаруда: мемлекеттік қолдау көлемі жоғары болған сайын, өсім қарқыны да соғұрлым айқын көрінеді. Дегенмен мұндай өсімнің сапасы туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр. Қазіргі кезеңде қалыптасқан динамика объективті жағдайлармен байланысты болғанымен, алдағы уақытта өнеркәсіп саясатын қайта қарау қажеттілігі туындауы ықтимал.




