Евразия24ЖаңалықтарПрезидент Қазақстанда өтетін референдумды ашық әрі заң талаптарына сай өткізудің маңызын атап...

Президент Қазақстанда өтетін референдумды ашық әрі заң талаптарына сай өткізудің маңызын атап өтті

|

|

Астана. 24 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні Референдумның орталық комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Президентке Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдумға дайындық барысы туралы ақпарат ұсынылды.

«Мемлекет басшысы референдумды өткізу кезінде ашықтықты, заңдылықты қамтамасыз ету және барлық азаматтар үшін тең жағдай жасау қажеттігіне ерекше назар аударды», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум 15 наурызға белгіленген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.