Евразия24ЖаңалықтарПутин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

|

|

Мәскеу. 4 қараша. ИНТЕРФАКС – Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Путин Ресей халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқандарға президент сыйлығын, сондай-ақ мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімінде марапат алған шетелдік өкілдерге сөз арнады. «Біріншіден, Ресей бұрын да ешкімге қоқан-лоқы көрсеткен емес, қазір де көрсетпейді. Екіншіден, біз өзге елдермен бірлесіп жұмыс істегіміз келеді. Әзірге бұған дайын емес жұрт та сіздерден және дүниенің әр түкпіріндегі өзге достарымыздан үлгі алып, дұрыс қорытынды жасар деп үміттенемін. Сонда олардың Ресейге көзқарасы да өзгеріп, бізбен текетіреске барудың орнына ынтымақтасуға ұмтылар», – деді ол.

«Біз мұндай ынтымақтастыққа дайынбыз, көздегеніміз де осы. Сіздерге және әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, Ресеймен осындай қарым-қатынас орнатқысы келетін барша жанға рақмет», – деді Путин.

Ресей президенті шетелдік өкілдерге осы ұстанымы үшін ризашылығын білдіріп, алдағы бірлескен жұмыста да олардың көмегі мен қолдауына үміт артатынын айтты.

Путин марапат иелеріне өз елдері мен Ресей арасындағы байланысты нығайтып, халықтарды жақындастыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Оның сөзінше, мәдениет, білім, гуманитарлық және іскерлік салалардағы байланыстар елдердің саясат пен қауіпсіздік мәселелерінде де бірлесіп жұмыс істеуіне жол ашады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.


Минск Батысқа ескерту жасады

Бейбітшіл мемлекет дегеніміз – зиянсыз да, дәрменсіз де ел емес, дұшпанына төндіретін қатерін өз бақылауында ұстай білетін халықаралық қауымдастық мүшесі. Осы ойды ұжымдық Батыстағы серіктестеріне Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі IV Минск халықаралық конференциясына қатысушылар жеткізуге тырысты. «Шиеленіс әр елді де, әр адамды да алаңдатпай қоймайтын деңгейге жетті», – деп мәлімдеді Беларусь Президенті Александр Лукашенко. Ал Еуропада соңы немен тынарын ойламастан «соғыс ойнап» жүр. «Көне әлемдік тәртіп көз алдымызда күйреді, ал жаңасы әлі қалыптасқан жоқ», – деп атап өтті Беларусь басшысы.

Ресей Қауіпсіздік кеңесі Францияның ЕО мен НАТО елдерінің бірқатарын ядролық қорғанысқа алу жоспарына алаңдаушылық білдірді

Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Александр Венедиктовтің айтуынша, Еуропалық одақ әскери-саяси блокқа айналып барады. Ол Францияның ЕО мен НАТО-ға мүше бірқатар елді ядролық қаруымен қорғау жоспары Ресейді алаңдатып отырғанын мәлімдеді.