Евразия24ЖаңалықтарРесей Қауіпсіздік кеңесі Францияның ЕО мен НАТО елдерінің бірқатарын ядролық қорғанысқа алу...

Ресей Қауіпсіздік кеңесі Францияның ЕО мен НАТО елдерінің бірқатарын ядролық қорғанысқа алу жоспарына алаңдаушылық білдірді

|

|

Мәскеу. 4 қараша. ИНТЕРФАКС – Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Александр Венедиктовтің айтуынша, Еуропалық одақ әскери-саяси блокқа айналып барады. Ол Францияның ЕО мен НАТО-ға мүше бірқатар елді ядролық қаруымен қорғау жоспары Ресейді алаңдатып отырғанын мәлімдеді.

«Еуроодақ ымыраға келмейтін агрессияшыл әскери-саяси блокқа айналып барады. Бұл үдеріс қарқынды жүріп жатыр», – деді Венедиктов сәрсенбі күні Минскіде өткен Еуразия қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық конференцияда.

«Еуропада ресми тұлғалар алдағы бірнеше жылда Ресеймен тікелей қарулы қақтығысқа дайындалып жатқанын ашық айтып жүр. Осындай мәлімдемелермен қатар әскери-өнеркәсіп кешеніне орасан зор қаржы құйылып жатыр. Оның көлемін Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі шығындармен ғана салыстыруға болады», – деді Венедиктов. Оның сөзін Ресей Қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі таратты.

«Париждің Еуроодақ пен НАТО-ға мүше бірқатар елді өз ядролық қаруының қорғанына алу ниеті бізді қатты алаңдатады», – деді Венедиктов.

«Еуропа әлі де ықпалын кеңейтуді көксейді. Ол Украина мен Молдованы ақырына дейін пайдаланбақ, Арменияны өз ықпалына тартуда. Өзге бірқатар мемлекетке де достық пейілге жат қадамдар жасап отыр. НАТО шығысқа қарай кеңеймейміз деген уәдесіне қарамастан, Финляндия мен Швецияны өзіне қосып алып, шығысқа тағы да ілгеріледі», – деді Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Пентагон Трамптың Флоридадағы резиденциясын дрондардан қорғау үшін лазерлік қондырғы орналастырды – БАҚ

АҚШ әскері президент Дональд Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясының әуе қорғанысы жүйесіне ұшқышсыз аппараттарды атып түсіруге арналған LOCUST лазерлік қондырғысын қосты. Бұл туралы The War Zone басылымы хабарлады.

Құрылтай ветеринарлардың жалақысын көтеруді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құрылтай Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алу туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды қабылдады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі (АДБ) арасындағы 3,4 млрд юань қарыз туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қарап, қабылдады. Бұл туралы агенттік тілшісі хабарлады.

Есепте арзандаған дәрі дәріханада қымбат: үкімет нарықты ретке келтірмек

Қазақстанда дәрі-дәрмек жалпы инфляциядан әлдеқайда жылдам қымбаттап жатыр. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі әрбір төртінші препараттың бағасы төмендегенін мәлімдейді. Бұл қайшылық 3 қарашада халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралған үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында байқалды. Дегенмен шенеуніктер тек баға жайын сөз еткен жоқ. Олар мемлекеттік сатып алуда миллиардтаған теңге үнемделгенін айтып, жаңа фармацевтикалық өндірістер ашылатынын, тегін дәрі-дәрмекпен қамту аясы кеңейіп, цифрлық бақылау күшейетінін хабарлады. Мұның бәрі, сөзсіз, маңызды. Бірақ қазақстандықтар осы қамқорлықтың игілігін көре ме? Мәселенің мәніне үңіліп көрейік.