Евразия24Еуразия патриоттарыЕуразия қауіпсіздігі мен жаңа геосаяси тәртіп

Еуразия қауіпсіздігі мен жаңа геосаяси тәртіп

|

|

ТМД Атқарушы комитеті Алматыда өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы аясында былай деп хабарлады: «Сергей Бурутин жиналғандарды ТМД Атқарушы комитетінің және Достастықтың Бас хатшысы Сергей Лебедевтің атынан құттықтады. Аппарат басшысы өз сөзінде халықаралық қауіпсіздік архитектурасы түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатқанын атап өтті. Бұл үрдіс қазір ерекше айқын көрніс тапқан. Жаһандық қатынастарда бетбұрыс кезеңі жүріп жатқан шақта халықаралық институттардың тиімділігі төмендеп, мемлекетаралық өзара іс-қимылда күштік фактор шешуші рөлге ие бола бастағанын жеткізді. Америка орталық жүйенің орнына жаңа геосаяси тәртіп қалыптасыпкеледі. Осы тұрғыда БРИКС пен ШЫҰ саммиттері, Бейжіңдегі келіссөздер, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығын атап өту – мемлекеттер арасындағы жаңа форматтағы өзара қарым-қатынастың қалыптасып келе жатқанын айқын көрсетеді. Бұл жаңа үлгі күшейіп келе жатқан көпполярлы әлем қағидатына негізделген. Биыл Душанбеде өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында қазіргі халықаралық ахуалға баға берілді. Онда біздің көшбасшылар қазіргі геосаяси өзгерістер жағдайында Еуразияның көпполярлы әлемнің маңызды саяси және экономикалық орталықтарының біріне айналып келе жатқанын атап өтті».

 

Евразия24 пікірі:

Бұл жөнінде ТМД Атқарушы комитеті ресми түрде былай деп хабарлады:
«Кеңестің мазмұндық бағытын ескере отырып, ТМД-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері әскери мақсаттағы бірлескен (біріккен) жүйелердің жұмыс істеуі мен дамуына айрықша назар аударды. Әуе шабуылына қарсы біріктірілген қорғаныс жүйесінің 30 жылдық тәжірибесін негізге ала отырып, оның негізгі нәтижелері қаралды және әрі қарайғы дамуының бағыттары айқындалды». Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан, Ресей және Беларусь 2026 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына  қол қойды. Бұл құжаттың барлық тармақтары халыққа жария етіле қоймас, дегенмен қазіргі таңда Қазақстан үшін әскери мақсаттағы ұшқышсыз аппараттардан ұлттық шекараны қорғау – аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы сейсенбі күні қазақстандық көшбасшының баспасөз қызметі хабарлады.

Үндістанның сауда министрі АҚШ-пен сауда келісімі бойынша келіссөздер әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді

Үндістан мен АҚШ арасындағы сауда келісімі бойынша келіссөздер соңғы кезеңге жеткенімен, әзірге толық аяқталған жоқ. Бұл туралы сейсенбі күні Үндістанның сауда және өнеркәсіп министрі Пиюш Гоял мәлімдеді.

АҚШ Президентінің арнайы өкілі Израиль премьер-министрімен кездесу үшін елге келді

АҚШ Президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф Израильге келді. Бұл туралы израильдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Норвегия парламенті монархияны сақтап қалуды қолдап дауыс берді

Сейсенбі күні Норвегия парламенті монархиялық басқару нысанын сақтап қалу жөнінде шешім қабылдады.