Евразия24Еуразия патриоттарыҚазақстанның арнайы жасағы Дубай турнирінде көш бастады

Қазақстанның арнайы жасағы Дубай турнирінде көш бастады

|

|

Liter.kz хабарлауынша, Дубайда өтіп жатқан UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінде Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің командалары табысты өнер көрсетіп жатыр. Төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық төрт команда көшбасшылар қатарынан көрінді «Мұнараны шабуылдау» деп аталған төртінші кезеңде екі команда жүлдеге ие болды: «Kazakhstan B» алтын медаль жеңіп алса, «Kazakhstan C» үшінші орынға тұрақтады. Ал «Kazakhstan A» командасы 109 қатысушы арасынан бесінші орынды иеленді. Әйелдер құрамасы «Tomiris» те жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Команда әйелдер арасында көш бастап, жалпы есепте 18-орынға жайғасты. Олар ондаған ерлер құрамасын артта қалдырды. Төрт кезеңнің жиынтық қорытындысы бойынша «Kazakhstan C» ең жоғары ұпай жинап, турнирдің бас жүлдесіне үміткерлер қатарында қалып отыр. Жалпы есепте екінші орында «Kazakhstan A» тұр. Ал «Kazakhstan B» мен «Tomiris» турнир кестесінде тиісінше 12 және 13-орындарды иеленді.

Еуразия24 пікірі:

UAE SWAT Challenge – Дубай полициясы ұйымдастыратын, арнайы мақсаттағы бөлімшелер арасында өтетін әлемдік деңгейдегі ең беделді жарыстардың бірі. Бұл додада қатысушылар шынайы операциялық жағдайға барынша жақын форматта тактикалық шеберлігін сынайды. Жарыс бес негізгі командалық кезеңнен тұрады: нысанды басып кіру операциясы, кепілге алынғандарды босату, жараланған әріптесті құтқару (2026 жылы осы кезеңде қазақстандықтар барлық жүлделі орынды иеленді), биіктік кедергілерін еңсеру және күш-қуат, төзімділік пен үйлесімді әрекетті талап ететін кешенді сынақ. Бұл алаңда әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік арнайы жасақ қызметкерлері өз дайындығын дәлелдейді. 2025 жылы өткен алтыншы турнир Гиннестің рекордтар кітабына енді: жарысқа 46 елдің командасы қатысып, ең көп мемлекет қамтылған SWAT жарысы ретінде тіркелді. Сол жылы қазақстандық «Sunkar» құрамасы жалпы есепте екінші орын алып, алтын медальді Қытай полициясына берді. Аталған халықаралық турнирге Қазақстан атынан Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі үздік жауынгерлерін жібереді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Пәкістан мен Ауғанстан Қытайда тікелей келіссөздер бастады

Пәкістан мен Ауғанстан дипломаттары Қытайдың бастамасымен тікелей келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Financial Times бейсенбі күні хабарлады.

Швеция әуе қорғанысы мен дрондарға қарсы жүйелерді 914 млн долларға сатып алады

Швеция Қорғаныс министрлігі Saab және BAE Systems компанияларынан жалпы құны 8,7 млрд швед кронына (914 млн доллар) әуе шабуылына қарсы қорғаныс және дрондарға қарсы жүйелер сатып алатынын мәлімдеді.

Қазақстан Парламенті Перумен қылмыстық-құқықтық саладағы үш келісімді ратификациялады

Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста Перу Республикасымен қылмыстық-құқықтық саладағы үш келісімді ратификациялау туралы заңдарды мақұлдады.

Қазақстан мұнайына төнген әскери қауіп-қатерлер

Қазақстаннан өндіріліп, Израильге экспортталатын мұнайдың барлық жеткізу тізбегіне әскери іс-қимылдар салдарынан қауіп төнді. Бұл жағдай тікелей кен орындарына, құбыр желілеріне, танкерлерге және шикізат өңделетін мұнай өңдеу зауыттарына қатысты болып отыр. Әр тараптың мақсат-мүддесі әртүрлі болғанымен, соққының Украина тарапынан да, Иран тарапынан да жасалу ықтималдығы жоғары. Бүгінгі таңда Астананың жағдайы мемлекеттік бюджетке ауыр нұқсан келтіруі мүмкін бірнеше қатердің ортасында қалып отыр. Қазақстаннан Израильге экспортталатын мұнай көлеміне қатысты көрсеткіштерде айтарлықтай алшақтықтар бар. Бұған коммерциялық құпиялылықпен қатар, репутациялық факторлар да өз септігін тигізуде.