Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті Перумен қылмыстық-құқықтық саладағы үш келісімді ратификациялады

Қазақстан Парламенті Перумен қылмыстық-құқықтық саладағы үш келісімді ратификациялады

|

|

Астана. 2 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста Перу Республикасымен қылмыстық-құқықтық саладағы үш келісімді ратификациялау туралы заңдарды мақұлдады.

Аталған заңдар бұған дейін Мәжілісте қабылданған. Осылайша, олар Парламент тарапынан толық қабылданған болып саналып, Президенттің қол қоюына жолданды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы заң қабылданды. Құжат 2024 жылғы 23 қазанда Астанада қол қойылған. Оның негізгі мақсаты — қылмыстың алдын алу, оны тергеп-тексеру, қылмыстық қудалау және жолын кесу тиімділігін тараптардың өзара ынтымақтастығы арқылы арттыру.

Өзара құқықтық көмек аясында ақпарат алмасу, тұлғаларды анықтау, іздестіру, тінту жүргізу, жауап алу, сараптамалар өткізу, дәлелдемелер ұсыну және ұлттық заңнамаларда көзделген өзге де шаралар қарастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң қабылданды. Бұл құжаттың мақсаты — бас бостандығынан айыру жазасына сотталған тұлғаларды өз азаматтығы бар мемлекетінде жазасын өтеуі үшін беру тәртібі мен шарттарын айқындау арқылы тиімді ынтымақтастық орнату.

Келісімге сәйкес, бір тараптың аумағында сотталған адам екінші тараптың аумағына жазасын өтеу үшін берілуі мүмкін.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы экстрадиция туралы келісімді ратификациялау туралы заң қабылданды. Құжат тараптар арасында қылмыстық қудалау жүргізу немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында іздестіріліп жатқан тұлғаларды беру мәселесі бойынша ынтымақтастықты көздейді.

Келісімде экстрадициялаудың нақты негіздері мен одан бас тарту шарттары айқындалған. Негізгі талаптардың бірі — экстрадицияға жататын қылмыс үшін кемінде бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы немесе одан да қатаң жаза көзделуі тиіс.

Егер сұрау салынған тарап қылмысты саяси сипаттағы құқық бұзушылық деп таныса немесе экстрадиция туралы өтініш адамның нәсіліне, дініне, ұлтына немесе өзге де белгілеріне байланысты қудалау мақсатында жасалған деп есептесе, мұндай тұлғаны беру жүзеге асырылмайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Qarmet өндірісті жаңғыртуға жоспарланған 3,5 млрд доллардың 2,7 млрд доллардан астамын жұмсады

Қазақстандық Qarmet металлургия комбинаты өндірісті жаңғыртуға жоспарланған 3,5 млрд доллардың 2,7 млрд доллардан астамын инвестициялады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда мәслихат сайлауына 10,9 мыңнан астам кандидат тіркелді

Қазақстанда 29 қарашаға белгіленген мәслихат депутаттарының сайлауына кандидаттар ұсыну және тіркеу кезеңі аяқталды. Бұл туралы дүйсенбі күні Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Qarmet жылына 540 мың тонна өнім шығаратын жаңа прокат цехын 2026 жылдың соңына дейін іске қоспақ

Қазақстандық Qarmet металлургия комбинаты жылына 540 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы жаңа сұрыптық прокат цехын биылғы жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аджманда алты қонақүйдің жағажайы қайта ашылды, Рас-әл-Хаймада шектеулер әлі күшінде

Біріккен Араб Әмірліктерінің Аджман әмірлігінде су сапасы тексерілгеннен кейін алты қонақүйдің жағажайы қайта ашылды. Ал Рас-әл-Хаймада жағажайлар әзірге жабық. Бұл туралы дүйсенбі күні Ресей туризм индустриясы одағы (РТӨ) хабарлады.