Евразия24Не болды

Не болды

РФММ асханасын тексеру кезінде стафилококк пен ішек таяқшасы анықталды

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 48 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түскеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет екі аптаға жуық тексеру жүргізді. Нәтижесінде мектеп асханасынан стафилококк пен ішек таяқшасы бактериялары анықталды.

Банк қызметкерлері заңсыз интернет-казино ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Қаржылық мониторинг агенттігі заңды кәсіпкерлік қызметті бүркемелеп, электрондық терминалдар арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналымын жүзеге асырған сегіз адамнан тұратын топқа қатысты қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады

Квазимемлекеттік сектордағы жоғары лауазымды басшының қызметтен босатылуы

Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметінен жұмыстағы кемшіліктеріне байланысты босатылды. Мұндай шешімді компанияның бас ұйымы – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқармасы қабылдады.

Алматыдағы балабақшада балалар бір-біріне күш көрсеткен

Әлеуметтік желілерде кішкентай балалардың өз қатарласының бірін тұншықтырып, тепкілеп, ұрып-соққаны бейнеленген жан түршігерлік видео таралып жатыр. CMN ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Ал әлеуметтік желідегі басқа бір парақшада аталған балабақшаның атауы да көрсетілген. Әзірге балабақша әкімшілігі де, Алматы қаласының Полиция департаменті де ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан оқиғаның мән-жайына қатысты нақты тұжырым жасауға ерте.

Қашаған дауы: халықаралық төрелік сот Қазақстанның 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Бұл туралы алғашқы ақпарат Bloomberg агенттігінде өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып жарияланды . Агенттіктің хабарлауынша, халықаралық төрелік сот Қазақстан үкіметінің Қашаған кен орнындағы даулы шығындарға байланысты ExxonMobil компаниясына және жобаға қатысушы өзге де компанияларға қойған шамамен 12 млрд АҚШ доллары көлеміндегі талабын жарамсыз деп таныған.