Евразия24Редакция бағаныЕуропа жарылыс алдында: Қазақстан қандай сабақ алуы тиіс?

Еуропа жарылыс алдында: Қазақстан қандай сабақ алуы тиіс?

|

|

Украинадағы оқиғаларды бүкіл әлем, соның ішінде Қазақстан да, үш жарым жылдан бері ұдайы назарда ұстап келеді. Біз бұл жағдайды ерекше алаңдаушылықпен бақылап отырмыз, өйткені барлық айырмашылықтарға қарамастан, белгілі бір тұрғыда біз де Украина сияқтымыз. Бұл – қоғамдағы пікірдің екіге жарылуынан бастап, «кезек бізге де келуі мүмкін» деген түсінікке дейінгі көңіл-күйден байқалады. Әрине, сөз Қазақстанға арнайы әскери операцияның көшірілуі туралы емес. Мәселе – Украинадағы әскери кезең аяқталған соң Ресей мен Еуропа арасындағы жаңа шекара сызықтарын айқындау процесі басталатынында, ал оның артынан біздің өңірдегі ықпал мен жауапкершілік аймақтарының да нақтыланатын сәті туады.

Бұған қоса, 2027 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одақта ортақ энергетикалық, жанар-жағармай және электр энергиясы нарығын құру жоспарланған. Бұл да өз алдына елеулі өзгеріс, тіпті шағын революция деуге болады. Ал мұндай ірі бетбұрыстардан кейін өз ықпалын жоғалтып жатқан күштердің қарсылығы мен ішкі әлеуметтік шиеленістердің күшеюі жиі орын алатыны тарихтан белгілі.
Қысқасы, алаңдауға негіз бар, әсіресе түрлі интернет алаңдарында пікірталас жүргізуді, нақты және жалған деректердің, көзқарастар мен болжамдардың қоспасын талдап көруді ұнататындар үшін.

Ал егер бұл тақырыпты айналып өту мүмкін болмаса, онда Украинадағы жағдайды тікелей сол жерден, оқиға ортасынан қарастыру қажет. Әсіресе қазір, соғыстың аяқталуына жақын кезеңде, бірқатар украин басылымдары өздеріне бұрын болмаған еркіндік беріп отыр.

Соған қарамастан, бұл жарияланымдар ішінде де назар аударарлық ерекше тұстар бар, олар болып жатқан үдерістердің себептері мен болашағын қайта бағамдауға мәжбүрлейді.

Сөз «Политека» арнасында жарияланған Пламен Пасковтың сұхбаты туралы. Әдеттегі кезекті сұхбат сияқты көрінгенімен, бұл жолы айтылған ойлар ерекше назар аудартты.

Пасковтың айтуынша, Батыс елдері азаматтық соғыстың табалдырығында тұр – мұндай тұжырымды бұрын ешкім ашық айтпаған. Бұл пікірге негіз ретінде Лондондағы King’s College профессоры Дэвид Бецтің зерттеуі келтіріледі. Ол әскери технологиялар және әскери сценарийлер бойынша жетекші сарапшы боп саналады. Пасковтың өзі атап өткендей, бұл – жай ақпарат емес, бұқаралық үгіт-насихат құралдарының өнімдері де емес. Бұл – арнайы сараптамалық дереккөз.

Тағы бір маңызды жайт – бұл зерттеудің қорытындыларын басқа беделді сарапшылар ешкім жоққа шығарған жоқ, бәрі үнсіз қабылдады, дейді болгариялық саясаттанушы.

Айтылған ойды қарапайым тілмен түйіндесек, зерттеуге кірген Еуропа елдері, оған қоса Ұлыбритания мен АҚШ бойынша, алдағы бес жылда кем дегенде 15 мемлекетте азаматтық соғыс қаупі өте жоғары екені анықталған. Бұл тұрғыда ықтималдығы ең жоғары елдер – Франция, Ұлыбритания және АҚШ. Бұл елдердегі қауіп деңгейі 82%-дан 97%-ға дейін бағаланып отыр.

Жүргізуші: «Осы үштіктің ішінде азаматтық қақтығысқа ең жақыны қайсы – Америка Құрама Штаттары ма, әлде Франция ма?»,- деген сұрақ қойды.

Жауап: «Бұған нақты жауап беру қиын. Франция әкімшілік тұрғыдан әлсіздеу, ал Ұлыбритания қақтығысқа жақын тұр. АҚШ-та да қоғамды дүрліктіретін жаңа құбылыстар басталып, олардың соңы нәсілдік негіздегі қозғалыстардың қайта өршуіне әкелуі мүмкін. Бұл жолы тек қара нәсілділер ғана емес, ақ нәсілділер де белсенді араласуы ықтимал.

Яғни қақтығыс тек нәсілдік айырмашылықпен шектелмейді. Қоғамда неолибералдар мен консерваторлар, республикашылдар мен демократтар арасындағы саяси текетірес те күшейіп келеді. Бұған қоса, Америкадағы азаматтық соғыстан кейін толық жазылмаған тарихи жаралар да әлі күнге дейін шиеленісті үдететін фактор болып отыр».

Яғни, азаматтық соғыстың ықтималдығы 87–92% деңгейінде бағаланған, оның орташа ұзақтығы шамамен алты жыл болуы мүмкін. Мұндай қақтығыстардағы адам шығыны мен демографиялық апаттар мемлекетаралық соғысқа қарағанда әлдеқайда жоғары болады деп көрсетілген.

Зерттеуде 15 ел нақты аталып, кесте түрінде берілген: бірінші бағанда – елдердің атауы, екіншісінде – тәуекел деңгейі, үшіншісінде – жағдайды түсіндіретін контекст. Бұл тізімге Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттері де кірген.

Пасков сөзін жалғастыра отырып, тек осы үш «көшбасшы» ел ғана емес, аталған барлық 15 мемлекеттің де тәуекел аймағында тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл елдерде ішкі шиеленіс күшейіп, қоғамдағы энергияны бір жерге бағыттап шығару қажеттілігі туындайды.

«Ешкім бұл пікірге қарсы шыққан жоқ, – дейді сарапшы. – Егер мұндай ішкі қысым болса, оны өте сауатты түрде босатып, бағыттап жіберу керек. Әйтпесе, қысым жинақталып, жарылуы мүмкін. Бұл ретте Ұлыбритания мұндай қақтығысқа ең жақын тұрған ел, бірақ ол – желілік империя. Яғни олардың бұл энергияны басқа арнаға бұрып жіберетін тетіктері, мүмкіндіктері мен тәжірибесі бар. Дегенмен, соны іске асыра ма, жоқ па – белгісіз». Пасков атап өткендей, зерттеуде бұл 15 ел бойынша барлық есептер егжей-тегжейлі жасалған. «Тамаша талдау, сегіз беттен тұрады. Уақытыңызды бөлуге тұрарлық, оқуға кеңес беремін», – деді ол.

«Мұндай егжей-тегжейлі баяндау үшін, оның үстіне болгар акцентімен айтып отырғаным үшін кешірім өтінемін, бірақ беделді британ сарапшысына сілтеме жасау соған тұрарлық», – дейді Пасков.

Осыдан кейін ол мынадай тұжырым жасайды: қазіргі уақытта Еуропалық одақ Ресеймен соғысқа дайындалып жатыр. «Біз бейбітшілік пен демократияны қолдаймыз, ал олар – консервативті, тәртіп бұзатын халық» деген үгіт-насихатты қоя тұрайық, дейді ол. Соғыс әрдайым белгілі бір мүдде үшін жасалады.

Алдымен Еуропа елдерінің әскери күші шығыс бөлікке шоғырланады. Қазірдің өзінде бұл үдеріс Польшада басталып кетті. Бір ел 100 сарбаз, енді бірі 400 адам, үшіншісі екі «Рафаль» жойғыш ұшағын, тағы бірі «Eurofighter Typhoon» немесе «Gripen» секілді әскери техника жіберуде. Польша президенті (Навроцкий – Eurasia24) ел аумағында одақтастық әскери контингенттерді қабылдау туралы жарлыққа қол қойды. Қазіргі таңда бұл күш Польша шығысында жиналып жатыр. Әзірге оларды толыққанды әскер деп атау қиын, себебі саны шектеулі. Алайда бұл – алғашқы кезең. Алдымен әр елден 100–400 адамнан келеді, кейін алғашқы мыңдаған, одан кейін 4 мың, сосын 10 мың, артынан 40 мың, ал ақыр соңында бұл көрсеткіш 150–240 мыңға дейін жетуі ықтимал. Бұл – елеулі әскери күш, ол Шығыс Польша аумағынан Батыс Украинаға өтіп, сол жерде бірнеше ай бейімделу кезеңінен өтеді. Содан кейін Днепрге дейін жетіп, тағы да уақытша тұрақтап, ақырында алғы шепке бағытталады. Бұл үдеріс 2026 жылдың соңына дейін жүзеге асуы мүмкін.

«Ең қызығы – зерттеуге енгізілген елдердің тізімі», – деді болгариялық сарапшы. Бірінші орында – Ұлыбритания, одан кейін Франция, Германия, Швеция, Италия, Нидерланд, Венгрия, Дания, Австрия, Бельгия және Испания. Польша – ең көп қаруланған мемлекет, Грекия – теңіз әлеуеті ең жоғары ел, Швейцария – бейтараптығы сақталған мемлекет ретінде көрсетілген. Сондай-ақ тізімге Чех Республикасы, аралда орналасқанына қарамастан Ирландия, Финляндия, көршілес Норвегия, Португалия және Словакия да енген. «Бұл тізім бойынша ұсынылған көрсеткіштер өте қызықты», – деп қорытындылады «Политека» қонағы.

Қорытындылайық. Әрине, британ сарапшысының болжамы дәлелденіп, АҚШ, Ұлыбритания немесе Еуропалық одақ міндетті түрде азаматтық соғысқа тап болады деген сөз емес. Дегенмен, мұндай қауіптің алғышарттары бары даусыз. Бұл жағдайды Дональд Трамп тудырып отырған жоқ. Керісінше, оның саяси феномені – Батыстың үстемдігіне сүйенген жаһандану жүйесінің күйреуін тоқтатпаса да, оны бақылауда ұстап, басқарылатын арнаға бұруға деген әрекет. «Американы қайта ұлы етеміз» деген ұран осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталған.

Бұл да біз үшін сабақ. «Анти-Ресей» ретінде қалыптастырылған Украина демографиялық, экономикалық және идеологиялық апатқа тап болды.

Қазақстан бұл британ сарапшысының кестесінде жоқ. Арнайы есепсіз-ақ, бізге азаматтық соғыс қаупі төніп тұрмағаны түсінікті. Дегенмен, өңірде жағдайды ушықтыруға тырысатын күштердің болатыны анық. Оның үстіне әлеуметтік жіктелу, бай мен кедей арасындағы алшақтық, әлеуметтік лифтілердің жеткіліксіздігі мен әділдік мәселелері – «жанғыш материал» ретінде бізде де жеткілікті.

Сондықтан да Президенттің халыққа жолдауында жарияланған парламенттік реформа және алдағы конституциялық референдумға дайындық бізге жаңартылған Конституцияны шынайы Жаңа әрі Әділетті Қазақстанды құрудың берік негізіне айналдыруға нақты мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕАЭО аясында ұлттық мүдде қорғалды

Мәжіліс депутаттары мен Үкімет мүшелерінің ЕАЭО шеңберінде Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауға бағытталған шұғыл әрекеті – тағы бір маңызды жетістік. Бұл – ұжымдық жұмыстың нәтижесі ғана емес, мемлекеттің қалай әрекет етуі қажет екенін көрсететін нақты мысал.

Азық-түлік бағасы неліктен тұрақтамайды?

Үкіметтің, соның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің азық-түлік бағасының күрт қымбаттауын жаһандық үрдістермен байланыстырып түсіндіруі — негізсіз емес. Алайда бұл түсініктемелер қарапайым қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жеткілікті ме?

eGov.kz порталында қауіпсіздік күшейтілді

Цифрлық қызметтерді пайдалануда тәжірибесі аз кей азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба, логин мен құпиясөз деректерін делдалдарға тапсырып, кейін оларды жаңартуға мән бермейді . Бұл – электрондық кілтті иесінің келісімінсіз қолдануға жол бермейтін нақты тосқауыл.

Теңсіздік тереңдеп барады

Еліміз болашақта әскери қақтығыс қаупі жоғары он екі елдің қатарына енгізілген. Бұл қауіп-қатердің негізгі себептерінің бірі ретінде – әлеуметтік теңсіздік көрсетілген. Экономист Рахимбек Абдрахмановтың пікірінше, бұл фактор елдің тұрақтылығына тікелей әсер ететін басты сын-қатерге айналып отыр.Елімізде халықтың небәрі 6 пайызы бүкіл тұрғын үй қорының 40 пайызына ие. Ал оның ішінде 1,5 пайызы — тұрғын үйдің 15 пайызын иемденіп отыр. Сол отбасылардың 40 пайызы — бір ғана бөлмеде күн кешуде.