Евразия24Редакция бағаны

Редакция бағаны

Ақша көп, бірақ экономика әлсіз

Бұл жолғы редакциялық мақаламыз, әрине, Президенттің 28 қазанда халыққа арнаған Жолдауына арналмақ. Мемлекет басшысы Қазақстанды ауқымды құрылыс алаңына айналдырып, экономиканы жаппай цифрландыруды көздеп отыр. Екі бастаманың да игілігін қалың жұртшылық көруге тиіс. Алайда Жолдауда халық мүддесіне басымдық берілгенімен, ондағы негізгі талаптар ең алдымен нақты іске жауапты мемлекеттік органдарға – министрліктерге, ұлттық холдингтер мен әкімдіктерге бағытталған. Өйткені Мемлекет басшысының олардың қазіргі жұмысына көңілі толмайтыны анық. «Еуразия24» редакциясы да осы пікірді құптайды. Атқарушы билік бұрыннан ұстанып келе жатқан жұмыс тәсілдері мен қағидаттарын түбегейлі өзгертпейінше, Президент жүктеген міндеттерді орындау мүмкін емес. Бұл үшін тіпті кадрларды ауыстырудың өзі жеткіліксіз.

Энергетика қаржы нарығының шырмауында

Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту еліміздің ұлттық басымдығы ретінде белгіленді. Алайда бұл бағыттардың негізінде электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі жатыр.Шетелдік инвестиция тартуға да басымдық беріліп отыр.Осы орайда энергетика саласын, жылумен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту мен дамытуға отандық және шетелдік инвестицияларды қоса есептегенде қанша қаражат қажет? Қолданыстағы жоспарлар мен жобаларға тоқталайық: а) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын жаңғырту жөніндегі 2029 жылға дейінгі ұлттық жобаға 13,6 трлн теңге қарастырылған; ә) 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың электр энергетикасына қатысты бөлігінде 13 трлн теңге көзделген; б) 2029 жылға дейінгі көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 8 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Баламалы энергетика елге қаншалықты тиімді?

Қазан айы да аяқталуға жақын. Жылыту маусымы басталды, әзірге бәрі қалыпты. Алдағы уақытта да еш қиындық туындамаса екен дейміз.Дегенмен көңілге күдік ұялататын жайт бар. Елді жылумен қамтамасыз етуге тікелей ықпал ететін ұлттық энергетика жүйесіндегі қуат тапшылығы әлі жойылған жоқ.Биылғы қыста электр энергиясына сұраныстың ең жоғары деңгейі шамамен 18,2 ГВт болады деп күтілуде. Ал еліміздегі электр станциялары өндіре алатын ең жоғары қуат одан шамамен 800–1000 МВт-қа төмен. Мәселе Ресейден электр энергиясын импорттауға мәжбүр болып отырғанымызда ғана емес. Ең қауіптісі – энергетика жүйесінің резервтік қуатсыз жұмыс істеуі.Ал энергетика саласында нормативтік резервтің болуы аса маңызды. Жаздың әрбір аптап күнінде және қыстың әрбір кешінде энергетика жүйесін шекті жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүрлеу жүрек талмасы қаупі төніп тұрған адамды күн сайын физикалық әрі психологиялық күйзеліске ұшыратумен бірдей.Шындыққа тура қарасақ, еліміздің энергетика жүйесін осындай тұрақты «инфаркт алдындағы» жағдайда ұстап отырған – жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК).Таңғаларлық тұжырым ба? Ендеше, нақты көрсеткіштерге назар аударайық.

Түркия тәжірибесі және Қазақстан

Биыл күзге қарай инфляция 9,3%-ға дейін баяулады. Былтыр бұл көрсеткіш 12,3% болған еді. Соған қарамастан, қымбатшылық жалақы мен зейнетақының өскенін іс жүзінде сездірмей отыр. Номиналды табыстың жылдық өсімі небәрі 0,7%-ды құрады. Бұл – ресми дерек. Ал халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қарасақ, қазақстандықтардың едәуір бөлігінің әл-ауқаты жақсарудың орнына төмендеп бара жатқандай. Мұның бәрі қоғамдағы наразылықтың біртіндеп қордалануына әкеледі. Сондықтан бұл жағдай Үкіметті ғана емес, баршамызды алаңдатуы тиіс. Әсіресе әлемнің әр түкпіріндегі саяси және экономикалық ахуал барған сайын күрделеніп жатқан кезде ел ішіндегі тұрақтылықтың маңызы арта түседі. Биыл бағаның бұрынғыдай қарқынмен өспеуіне теңгенің нығаюы да едәуір ықпал етті. Алайда ұлттық валюта бағамы үнемі осы деңгейде сақтала бермейтіні анық.Теңге айналымға енгеннен бері оның долларға шаққандағы бағамы тұрақты түрде әлсіреп келді. Алғаш айналымға шыққан кезде бір доллар 4,7 теңге тұрған еді. 2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге жетіп, ұлттық валюта бастапқы құнымен салыстырғанда жүз есеге жуық арзандады. Ал былтыр қазанда доллар 550 теңгеге таяды.

Тариф саясатының бағыты өзгерді

Сонымен, бұған дейінгі «Қыс қарсаңындағы болжам: тариф тағы өсе ме?»  атты редакциялық мақаламызды мынадай оймен аяқтаған едік: «Биыл тәуелсіздік жылдарында алғаш рет электр энергиясы мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері инфляцияның соңынан ілесіп емес, одан озып өсті. Бұл – жағдайды түбегейлі өзгертуі мүмкін жаңа әрі төтенше құбылыс. Сондықтан келесі редакциялық мақаланы осы мәселеге арнаған жөн». Еске сала кетейік, электр энергетикасы мен коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба – МЭКС аясындағы жұмыстардың қарқыны әзірге жоспардан едәуір төмен. Саладағы қуаттарды шұғыл жаңартып, көбейту қажеттігіне қарамастан, 2025–2026 жылдарға ұлттық жоба бойынша 4,2 трлн теңге қарастырылған. Ал қыркүйектегі жағдай бойынша ең болмаса басталған жобалардың жалпы құны небәрі 839 млрд теңгеге жеткен.