Экономист Айдархан Кусаинов талдауы: «Оқырмандар тарапынан: «Егер бәрі оңай болса, үкімет халықтың табысын арттыру бағдарламасын неге бұдан бұрын қабылдамады?» деген сұрақ қойылды. Жауап берейін. Мәселе — қазіргі уақытта «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарының 2023 жылғы 28 наурыздағы түзетулермен қолданыста болғандығында. Бұл бағдарламаның тиімсіздігі (сәтсіздікке ұшырағаны) анық, сондықтан өте қиын шешім қабылдау қажет болды. Тиісті қатаңдық пен ерік-жігер танытылып, нақты шешімнің қабылданғанына қуаныштымын: алдына қойылған мақсат-міндеттерді орындай алмаған бағдарламаны алмастыру туралы шешім қабылданды».
Еуразия24 пікірі:
Орынды сарказм. Шыны керек, 11 ақпанда Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында Вице-премьер Серік Жұманғариннің мәлімдемесі бізді де таңғалдырды. Президенттің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша ол «1 мамырға дейін халықтың табысын арттырудың 2026–2029 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданатынын» және Ұлттық банкпен бірлесіп инфляцияны 9-11% деңгейіне дейін төмендету жоспары әзірленетінін жеткізді. Алайда 2025 жылдың қарашасында ғана Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА дәл осыған ұқсас мақсаттарды көздейтін бірлескен іс-қимыл бағдарламасын таныстырған болатын. Егер «халықтың әл-ауқаты» мен «халықтың табысы» екі бөлек ұғым болса, онда, әрине, мамырда басталатын тағы бір бағдарламаның артықтығы жоқ шығар. Ал әзірге үкіметтің алдында нәтиже шығару үшін не істеу керектігін ойлануға 2,5 ай уақыт бар.




