Евразия24Таңдаулы жаңалықтарОнлайн-казино жанжалы: 34 блогерге қылмыстық іс қаупі төніп тұр

Онлайн-казино жанжалы: 34 блогерге қылмыстық іс қаупі төніп тұр

|

|

Қаржы мониторинг агенттігі хабарлайды: “Жыл басынан бері Агенттік онлайн құмар ойындарды жарнамалауға қатысы бар 34 блогерді анықтады. Олардың қатарында Қайсар Қамза, Шыңғысхан Көпбаев, Айтмаханов Тәуіржан, Тұрғанов Наиль, Диляра Аманқосқызы және басқалар бар. Аталған тұлғалардың 11-і Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 455-бабы («Жарнама туралы заңнаманы бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал қалған 23 контент жасаушыға қатысты материалдар тиісті шара қабылдау үшін Мәдениет министрлігіне жолданды. Назар аударарлық маңызды жайт – бұл азаматтардың көпшілігі заңды бірінші рет емес, жүйелі түрде бұзып жүрген тұлғалар. Мәселен, қазақстандық хип-хоп орындаушы «Baller» (нақты есімі – Шыңғысхан Көпбаев) биылғы жылдың өзінде жоғарыда аталған ӘҚБтК бабы бойынша бес рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тағы бір жағдайда, 600 мыңнан астам жазылушысы бар блогер-музыкант Ринат Шамшыраққа қатысты да онлайн-казино жарнамасына байланысты әкімшілік іс қозғалған. Сондай-ақ бұл тізімде бірқатар медиа тұлғалар бар – блогер «Niko_nett» пен инфлюенсер Қайсар Қамза (…). Көпмиллиондық табыс тапқан бұл блогерлер айыппұлдарын еш қиындықсыз төлеп, заңсыз қызметін жалғастыра беруде. Осы жайттарды ескере отырып, Агенттік бұзушылардың әрекетін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 28-бабы 5-бөлігі шеңберінде, яғни заңсыз ойын бизнесіне көмектесу ретінде қарастыруды көздеп отыр.

Евразия24 пікірі:

2025 жылғы қаңтарда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева интернет кеңістігінде түрлі өзекті тақырыптар жиі көтерілетінін атап өтті (https://turantimes.kz/obschestvo/57207-aida-balaeva-obratilas-k-polzovateljam-socsetej-s-preduprezhdeniem.html ). Алайда жүргізілген бақылау деректері онлайн платформаларда заңға қайшы әрі жалған мазмұндағы материалдардың жиі таралатынын көрсеткен. Осыған байланысты министр желі администраторларына ақпараттың шынайылығына назар аударып, күмәнді контентті дер кезінде анықтап, жоюға шақырды. Ресми мәлімет бойынша, 2024 жылы онлайн-платформаларда 78 539 заңға қайшы материал анықталған, олардың тек 24,3%-ы ғана өшірілген. Бұл қатарда терроризмді, діни экстремизм мен есірткі құралдарын насихаттайтын, сондай-ақ онлайн-казино мен қаржы пирамидаларын жарнамалайтын контент те бар. Қазір енді құқық қорғау органдарының назарына блогерлермен қатар, өнер адамдары сияқты қоғам алдындағы беделді тұлғалар да ілініп отыр. Жалпы, бұл қадам орынды – алаяқтықтан қорғанысы әлсіз жүйелер үшін байланыс операторлары мен банктерге жауапкершілік жүктелген тұста, ел аумағында тыйым салынған өнімдерді жарнамалаған медиа өкілдеріне де назар аудару – қисынды шара.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.